Әлем • 29 Шілде, 2021
Қалада індет жұқтырғандар саны артуына байланысты Сиднейдегі карантин тағы бір айға созылды.
Әлем • 29 Шілде, 2021
Еуропада дәрігерлер Италияның Неаполь қаласындағы науқасқа алғаш рет толығымен жасанды жүрек салды.
Әлем • 29 Шілде, 2021
Солтүстік және Оңтүстік Корея байланыс орнатты
Солтүстік және Оңтүстік Корея өткен жылдың маусым айында Пхеньян өшірген сенім телефонын бір жылдан кейін қалпына келтірді.
Қаржы • 29 Шілде, 2021
Сенгеніміз синдикатталған несие ме?
Үкімет синдикат банктердің көмегімен инвестициялық жобаларды қаржыландырудан үмітті болып отырғаны өткен айда белгілі болды. Синдикатталған несие дегеніміз – бір кредиттік келісімшартпен кемі екі немесе одан көп несиегерлердің бірлесе несие беруі. Көзіміз үйренген дәстүрлі несиеден айырмашылығы да осы. Сырт көзге жаңалық болып көрінгенімен, бұл – елімізде бұрын қолданыста болған, сыннан өткен құбылыс. 2014 жылы Қазақстанның Даму банкі (ҚДБ) екінші деңгейлі банктерге инвестициялық жобаларды осы жүйе бойынша қаржыландыруды ұсынған. Бірақ банктер бұл бастамаға ықылас таныта қоймаған.
Қоғам • 29 Шілде, 2021
Отбасының ойранын шығарып, қит етсе әйеліне жұдырық ала жүгіретін еркектердің 80 пайызы тұрақты жұмыс істемейді. Ал елімізде тіркелетін тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жартысына жуығы ішімдіктің салдарынан туындайды. Көңілге қаяу түсіретін мұндай статистиканы онлайн өткен брифинг барысында ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк жариялады.