Қала құрылысын бақылау бөлімі Горная көшесіндегі автотұрақ иесінің жерді уақытша пайдалану мерзімі өткенін хабарлады.
«Мерзімі өткеннен кейін жер пайдаланушы жер қатынастары бөліміне оны ұзарту туралы сұраныс жіберді, сұраныс қанағаттандырылмады. Тиісті хабарламаны алған соң біз Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз бердік. Сот шешімімен автотұрақ бүгін сүріліп жатыр», деп түсіндірді департамент.
Автотұрақ шамамен 1,3 гектар жерді алып жатқанын айта кеткен жөн.