Қазақстан • 24 Шілде, 2018
Аң-құсымызға да абай болайықшы...
Сайын даланың самалымен жарысқан киік атаулы қырылып қалыпты. Көрген жанның жүрегі шемен болып кетсе де, шерге булығып, дір ете түсетіндігі даусыз. Мойнын астына ала омақаса құлап біреуі жатыр, енді біреуі жер сүзе жығылған. Көз жанары жетер жердің барлығы дерлік өлген киіктің денесі. Оқиға Егіндікөл мен Жарқайың аудандарының аумағында орын алған. Табиғатқа көрсетілген тағылық жайлы әңгімелеген құқық қорғаушылар сипаттауға тіл жетпейтін осындай қаныпезерлікті кім жасағандығын айтып берді.
Медицина • 24 Шілде, 2018
Тұрғын үй шаруашылығын цифрландырудан пайда мол
Халықтың жайлы өмір сүруі, баспанадағы сан түрлі түйткілдердің уақтылы шешім табуы – тұрғын үй-коммуналық шаруашылығы аясында қарастырылады. Аталған саладағы келелі мәселелердің қаншалықты жүйеленгені турасында Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының қазақстандық орталығы АҚ басқарма төрағасы Нұрсұлтан ЖИЕНБАЕВ айтып берді.
Медицина • 24 Шілде, 2018
Бала денсаулығы – басты назарда
Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде жаңа оқу маусымына дайындық тақырыбына арналған баспасөз мәслихаты өтті. Іс-шараға Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин қатысты.
Жеңіл атлетика • 24 Шілде, 2018
Марафонға машықтанған Мураками
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында «Саламатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулықты басқару ісін күшейту керек» деп атап өтті. Елбасы тапсырмасы аясында ел азаматтарының денсаулығына жауапкершілікпен қарап, жеке саламаттылық дағдыларын қалыптастыру мақсатында түрлі жобалар қолға алынуда. Соның бірі – Президенттің бейне үндеуімен маусым айында басталған Challenge «Сенің жаңа қырың» атты бұқаралық спорт бастамасы. Бұл бастама қоғамда кеңінен қолдау тапты. Сондай-ақ соңғы жылдары елімізде жиі өте бастаған марафон, триатлон жарыстарына да қатысушылар легі көбейіп келеді. Мәселен, Астана мен Алматыда өтетін жүгіру жолдарына мыңдаған марафоншылар шыға бастады. Әрине, өз өміріңді қолға алу – болашағыңды қолға алу. Осы орайдағы өзгерісті қалайтын жандарға өнеге ретінде және күш-жігер беру мақсатында белгілі жапон жазушысының беймәлім қырын әңгімелегенді жөн санадық.
Білім • 24 Шілде, 2018
Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына бағалау жүргізу рейтингінің бірінші кезең нәтижелеріне арналған баспасөз мәслихаты өтті.