Қазақстан • 23 Шілде, 2018

Америкадағы кездесуде Қазақстандағы діни ахуал талқыланды

93 реткөрсетілді

Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев іссапармен АҚШ-қа барып, Вашингтонда және Нью-Йоркте АҚШ Конгресі мүшелерімен, АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми өкілдерімен, сондай-ақ, АҚШ-тың Халықаралық дін бостандығы жөніндегі комиссиясының және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі Хельсинки комиссиясының жетекшілерімен бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлайды аталған министрліктің баспасөз қызметі.

 

Кездесу барысында Қазақстандағы діни ахуалдың дамуы жөнінде жан-жақты пікір алмасу өтті. Нью-Йоркте Д.Кәлетаев БҰҰ жанындағы Діни үкіметтік емес ұйымдар комитетінің төрағасы С.Парамешанандамен және «Діндер бейбітшілік үшін» әлемдік конференциясының Бас хатшысы У.Вендлимен екіжақты кездесулер өткізді. БҰҰ өкілдері Д.Кәлетаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер Съезінің кезекті отырысына қатысу жөніндегі шақыруды қызығушылықпен қабылдады.

Астана дінаралық сұхбатының өсіп келе жатқан беделін мойындай отырып, олар Съездің жекелеген секцияларына модератор ретінде қатысуға дайын екеніндіктерін білдірді.

Айта кетейік, Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің кезекті Съезі ағымдағы жылы қазан айында Астанада өтеді.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

«Әдеби өлкетану» - жаңа жоба

Аймақтар • Бүгін, 09:30

Біз - «BIRGE»!

Сайлау • Кеше

Ұқсас жаңалықтар