Әдебиет • 25 Шілде, 2023
Қазақ өлеңіне олжа салған өрен жүйріктің бірі – Ғафу Қайырбеков. Оның жан-жақты талант иесі болғанын көзіқарақты қауым жақсы біледі. Ағыл-тегіл ақындығынан бөлек, прозашылығы, көсемсөздігі – бір-бір тақырыпқа жүк болады. Айтқыштығы мен әншілігі де керемет.
Әдебиет • 25 Шілде, 2023
Әдетте адам баласы кітап оқиын десе, я уақыты болмайды, я құлқы болмайды. Әгәрәки, қым-қуыт тіршіліктен мойны жар бермей жүрген жан болса (бірақ, оқуға ниетті), кешірімді. Ал кітап оқитын уақыты да, құлқы да жоқтық – қасірет. Қазіргі таңда кітап оқымау дерті әлемде де меңдеп тұр. Әлқисса. Осы оқу деген, оқудан бұрын жазу деген қашан пайда болып еді?..
Қазақстан • 25 Шілде, 2023
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының дерегі бойынша, 2023 жылдың алғашқы 4 айында (қаңтар-сәуір) елімізге 3,5 млн турист келген. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36%-ға артық. Мәдениет және спорт министрлігі осы уақыт аралығында ішкі туризмді ынталандыруға арналған бірнеше бағдарлама әзірлеп, іске қосты. Соның нәтижесі болар, кейінгі жылдары елімізге келетін саяхатшылардың саны күрт артып отыр.
Туризм • 25 Шілде, 2023
Ендігі тренд – этнотуризм: Еліміз осы көшке ілесуге дайын ба?
Америкалық «U.S.News» журналы жүргізген туризмді табыс көзіне айналдырған елдердің рейтингінде Қазақстан 85 мемлекеттің ішінде 84-орында тұр екен. Дерек бойынша біз Украина, Өзбекстан, Әзербайжан, Беларусь, Ресей елдерінен ғана емес, Замбиядан, Ливаннан, тіпті Мьянмадан артта қалып тұрмыз. Дегенмен Дүниежүзілік туристік ұйымның мүшелігіне кіргенімізге, міне, ширек ғасырдан асты. Бірақ бұл саладағы ілгерілеу әлі де баяу. Оған не кедергі?
Туризм • 25 Шілде, 2023
Ішкі саяхатта іркіліс болмайды
Елімізде туризм саласын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды. Мақсаты – туризмді елдің экономикалық дамуының басым бағытына айналдыру. Атап айтқанда, осы саладағы жұмыспен қамтылған азаматтардың санын – 800 мың, ал саладағы жалпы қосымша құн көлемін 6 трлн теңгеге дейін ұлғайту көзделген. Сонымен қатар қонақүй және тамақтану қызметтеріндегі инвестиция өсімін 260 млрд теңгеге дейін арттыру жоспарланған.