Қоғам • 02 Шілде, 2020
Карантинді күшейту – аса қажетті шара
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрес шаралары жөнінде өткен кеңес барысында жұмысына салғырт қарағаны үшін бірқатар қала және облыс әкімдеріне сөгіс жариялағаны белгілі. Сондай-ақ сол жиында Президент тағы үш облыстың әкімдеріне өңірлердегі ахуалды реттеу қажеттігін қатаң түрде ескертті.
Руханият • 02 Шілде, 2020
Тордағы тотықұсқа тіл бітірген
Өткенде канадалық қасқырды қолға үйреткен батысқазақстандық Сымбат есімді бойжеткен туралы жазған едік. Жақында сол кейіпкеріміз хабарласып, зообақтағы тотықұсқа сөз жаттатқанын және қазіргі уақытта құстың сөйлейтінін жеткізді. Ілгерідегі ілім иелері айтқан «Тасты тесетін тамшының күші емес, оның үздіксіз тамып тұруы» дейтін тәлімді тәмсіл бар. Сол сияқты тордағы тотықұсқа тіл бітіп, сөз ұғып, сөйлеуі Сымбаттың дамылсыз дәрісінің жемісі деуге болады.
Спорт • 02 Шілде, 2020
Қазақ баскетболының бүгінгі бейнесі
Қазақстанда баскетбол ең кенжелеп қалған спорт түрі. Спортшыларымыз 1972 жылғы Мюнхен Олимпиадасында КСРО құрамасымен бірге атой салған әйгілі баскетбол спортының шебері, қазақтан шыққа тұңғыш Олимпиада чемпионы Әлжан Жармұхамедовтің жетістігін қайталау былай тұрсын, әлем чемпионатына шыға алмай жүр.
Оқиға • 02 Шілде, 2020
Жиырма әлеуметтік жоба республикалық деңгейге шығады
Жиырма әлеуметтік жоба республикалық деңгейге шығады. Бұл туралы «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының ұйымдастыруымен елордада өткен «Өзгерістің сәруарлары» әлеуметтік жобалар акселераторларының кәсіпкер-қатысушыларын марапаттау рәсімінде айтылды.
Қаржы • 02 Шілде, 2020
Теңгеңізді тиімді пайдаланасыз ба?
Қаржыгерлер еңбекақыңыздың 10 пайызын депозитке салуға кеңес береді. Шет мемлекеттерде бала өмірге келісімен оның атынан есепшот ашып, ақша жинайды. Ұрпағымен қатар өскен сома кәмелет жасқа толғанша қомақты қаржыға айналады. Кейін ата-ана шоттағы ақшаны баланың үй алуына, басқа да қажеттіліктеріне жұмсайды. Ал бізде ше? Бұл үрдіс бар ма өзі? Баласы оқу бітіргенде бәйек болатын қазақтың ақшаға келгенде үнемсіздігі үнемі байқалып қалып жатады. Сіз ақшаны қаншалықты тиімді пайдаланасыз?