Үкімет • 01 Шілде, 2020
Кеше Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында цифрлы экономика үшін адами капиталды дамыту мәселесі қаралды. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыс барысы туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов баяндады.
Коронавирус • 01 Шілде, 2020
1 млрд теңге ПТР-тест сатып алуға бөлінді
Орталық коммуникациялар қызметінде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустық инфекцияны тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы баяндап, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға тоқталды.
Елбасы • 01 Шілде, 2020
Астананы ауыстыру – Елбасының жасампаз идеясы
Бірнеше күннен соң қазақстандықтар мемлекеттік мереке – астана күнін атап өтеді. Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласының ресми жылнамасы 1998 жылы басталғанымен, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сол кезеңдегі экономикалық дағдарысқа қарамай астананы ауыстыру идеясын ұсынуын 1990 жылдардан бастап посткеңестік кеңістік пен елімізде болған саяси оқиғалардан бөліп жаруға болмайды дер едік.
Білім • 01 Шілде, 2020
ҰБТ-2020: Талапты бұзған талапкердің тағдыры
Күні кеше бір танысымыз хабарласып көмек сұрады. Білім-ғылым тақырыбын жазып жүрген журналист ретінде ҰБТ-ның сұрақтарына сыртта отырып жауап беретін мамандарды біледі, тауып бере алады деп ойлапты. Талапкердің мұндай жолды неліктен таңдағанын, ашық, әділ түрде тест тапсыруына не кедергі келтіріп тұрғанын сұрағанымызда, сенімсіздігін сылтау етті. Осындай орынсыз тәуекелге барған талай талапкер гранттан қағылды. Тестілеу тәртібі жыл сайын қатаңдатылса да, жетілдірілсе де талапкер неге талапты бұзады?
Қоғам • 01 Шілде, 2020
Спорт кешені емдеу орталығына айналды
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөніндегі кеңесте өздеріне жүктелген міндеттерді шала орындаған әкімдер мен Үкімет мүшелерінің жұмысын сынға алған еді. Мемлекет басшысы жұмысына салғырт қарағаны үшін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновке де сөгіс жариялады.