Қазақстан • 23 Шілде, 2018
Жақында Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бастаған делегация Қарақалпақстан астанасы Нөкіс қаласына барып қайтты. Қарақалпақтың ұлы шайыры Бердақ ескерткішіне гүл қоюдан басталған сапар Қарақалпақстан Республикасы Жоғарғы кеңесінің төрағасы Мұса Ерниязовтің қабылдауына ұласты. Онда өңірлер арасындағы экономикалық, мәдени байланыстарды нығайту жолдары талқыланды. Сонымен қатар облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен Қарақалпақстан Республикасы Министрлер кеңесінің төрағасы Қаһарман Сариев 2018-2020 жылдарға арналған өзара ынтымақтастық және сауда-экономика саласы бойынша әріптестік меморандумына қол қойды.
Медицина • 23 Шілде, 2018
Қарт Қаратаудың қасиетті топырағы талай тұлғаларға тұғыр болғаны анық. Сарысудың сағасын мекендеген салуалы жұрт қаншама ғасыр бойы қазаққа қалтқысыз қызмет ететін есіл ерлердің талайын туды. Біз бүгін сондай текті бабалардың ізін жалғап, ісін жалғастырған тағы бір қайраткер жанды еске алмақшымыз. Оның өмір жолын өзгеге өнеге ете отырып, өзіміз де өрелі жанның өзгеше сипатына өрнекті сөзден мүсін қашағымыз келді. Жақсының жақсылығын айтып, ғибратты ғұмырдан ғажайып тәлім үйрену қазақ халқының ежелгі ұстанымы. Өз еліне ұлтан боп, ұлға лайық еңбек еткен жанды қазақ қашанда дәрежесін арттырып, дәргейіне бас ұрмаса да дәріптеуін жеткізіп отырған. Сонымен ол жан кім еді?
Жазғы спорт • 23 Шілде, 2018
Өскеменде Азия чемпионаты аяқталды
Өскеменде 11-18 шілде аралығында Астана қаласының 20 жылдығына орай волейболдан қыздар командалары арасындағы клубтық Азия чемпионаты өтті. Осымен екінші жыл қатарынан Шығыс Қазақстанда жалауын желбіреткен дүбірлі додаға сары құрлықтың кіл мықты командалары жиналды.
Қысқы спорт • 23 Шілде, 2018
Құндылықты қорғай алмайтын қоғам
Қаза үстінде жалған сөйлемейік. Болған істі бұрмаламай, шынтуайтына тоқталғымыз келеді. Денис Теннің қазасы қоғамға біраз ой салғаны анық. Орман ойдың арасынан оймақтайын айтып өтелік. Біз барымызды бағалай алмайтын, құндылықтарымызды құнттамайтын елміз бе?
Медицина • 23 Шілде, 2018
«19 шілде күні тападай тал түсте Алматының қақ ортасында даңқты спортшы Денис Тен қандықол қарақшылардың қолынан қаза тапты» деген хабар жаһанға тарады. Бұл күндері баспасөз беттерінде осы тақырыпта жазылған құлаш-құлаш мақалалар жарық көріп, әлеуметтік желілерде осы істің мән-жайы терең талқыға түсуде. Қазақстанның билік басындағы азаматтары мен шетелдің атақты спортшыларынан бастап, қатардағы қарапайым жұртқа дейін чемпионның отбасына қайғырып көңіл айтуда.