Өнер • 23 Шілде, 2018
Облыс орталығы – Өскеменнен 440, Семей қаласынан 240 шақырым қашықтықта орналасқан, жолы қырық жамау, ойдым-ойдым, байланысы нашар, халқы жылдан жылға сиреп бара жатқан топырағы қасиетті Ақбұлақ ауылында жергілікті жұрттың еңсесін көтеріп, көңілдерін серпілткен тағылымды шара өтті. Топырағы қасиетті деп бекерге айтып отырған жоқпыз. Бұл ауылда тұңғыш рет шет елде ән шырқап, Алаштың атын төрткүл дүниеге танытқан қазақтың ұлы әншісі, актер Әміре Қашаубаев дүние есігін ашқаны белгілі.
«Адамзат сапарының мейманымыз, бір мезет жер бетіне кетер соғып», деп жырлады Қасым Аманжолов. Қазір жер бетіне мейман болып келгендердің бір шоғыры атақ қуып әлекке түсіп жүрген секілді. Бұлай деуге себеп, атақ қуғандар шын талантқа көлеңкесін түсіріп, оны кейінге ысыра береді. Ал шын талант ұятқа ұйиды. «Адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді», депті Шәкәрім. Ақыл көзін атақ қуған кезде бас көзі билеп кететіндей болады да тұрады.
Білім • 23 Шілде, 2018
Ізгі мұраттарды көздеп, ілкімді жүзеге асырыла бастаған «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бүгінде еліміздегі ең танымал әлеуметтік бастамалардың бірі саналады. Қазір халықтың жобаға деген қызығушылығы орасан зор. Бұл жоба жастардың сапалы білім алып, тұрақты жұмыс табуына зор мүмкіндік берері сөзсіз. Алайда, көпшіліктің көкейінде әлі де бірқатар сауал бар. Бұл әсіресе, жобаға қатысу шарттары, оқу орындары мен мамандықтар, білім гранттарының қалай бөлінетіндігі төңірегінде болып отыр.
Қазақстан • 23 Шілде, 2018
Әлем елдеріндегі астық шығымдылығына талдау жасаған Халықаралық астық кеңесі биыл Қазақстанда 17,8 миллион тонна өнім жиналады деп болжам жасап отыр. Ұйым сарапшыларының бағалауы бойынша, мұның 13,7 миллион тоннасын бидай өнімі құрамақ.
Қысқы спорт • 23 Шілде, 2018
«Айнадай ізің қалды жарқыраған»
Бүкіл қазақ халқы азалы күйде. Еліміздің айбынын асқақататып, көк туымызды көкте желбіретіп жүрген дарабоз спортшы, мәнерлеп сырғанаудан Сочи олимпиадасының қола жүлдегері, Азия ойындарының чемпионы Денис Теннің қапияда қаза табуы қалың елдің қабырғасын қайыстырды.