«Облыс өңіріндегі су айдындарында 12 төтенше жағдай орын алды, соның салдарынан 12 адам суға кетті. Оның бесеуі бала. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда әлдеқайда көп. Өткен жылы осы уақытта су құрбаны болған 7 адамның үшеуі балалар еді», деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Руслан Орынбеков.
Судағы бақытсыз жағдайлар көбіне демалыс күндері орын алады екен. Өйткені адамдар суда демалу, шомылу ережелерін бұзады. Аудандар мен қалаларда төтенше жағдайлар департаментінің мамандары суға түсу ережелерін түсіндіру жұмыстарын үзбей жүргізеді, бірақ адамдардың оны елемеуі қайғылы жағдайларға соқтырады.
Нәзира Жәрімбет
«Егемен Қазақстан»
Қостанай