Қоғам • 24 Шілде, 2019
Браконьерлер қолынан қаза тапқан Қаныш Нұртазинов жұма күні жерленеді
Қаныш Нұртазиновты туыстары мен жақындары жұма күні, 26 шілдеде Қарағанды облысының Жезқазған қаласында ақтық сапарға шығарып салады. Марқұмның мәйіті, алдын ала мәлімет бойынша, туған жеріне 25 шілдеде жеткізіледі. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Аймақтар • 24 Шілде, 2019
Бақытжан Сағынтаев мүмкіндігі шектеулі жандардың қалалық қоғамдастығымен кездесті
Бүгін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік қолдау көрсету мәселесі бойынша кеңес өткізді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 24 Шілде, 2019
Батыс Қазақстан полициясы қылмыстың ашылуы жөнінен үшінші орында тұр
Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті биылғы алты айдың қорытындысы бойынша қылмыстың ашылуы жөнінен елімізде үшінші орынға көтерілген. Бұл жөнінде департамент бастығының міндетін атқарушы, полковник Серік Сүйінбаев мәлімдеді.
Аймақтар • 24 Шілде, 2019
Жамбылдық полицейлерге жаңа көліктер берілді
Бүгін Тараз қаласындағы орталық «Достық» алаңында Жамбыл облысы әкімінің міндетін атқарушы Нұржан Календеров пен облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Арман Оразалиев аудандық полиция бөлімдерінің учаскелік инспекторларына салтанатты түрде жаңа қызметтік автокөліктердің кілтін тапсырды.
Аймақтар • 24 Шілде, 2019
Елордалық жедел жәрдем бригадасы Қазақстанда үздік деп танылды
Нұр-Сұлтан қаласының жедел жәрдем бригадасы Жедел медициналық көмек бригадаларының және қабылдау бөлімшелерінің IV республикалық жарыстарының қорытындысы бойынша үздік деп танылды. Оған еліміздің 17 аймағынан келген командалар қатысты деп қала әкімдігінің сайты хабарлайды.