Қоғам • 29 Шілде, 2020
Аяғына тұсау, мойнына шалма салдырмай діңкелеткен асаудай көрінетін сыбайлас жемқорлық мемлекетіміздің абыройына нұқсан келтіріп қана қоймай, экономикалық тұрғыда дамуымызға да барынша кері әсерін тигізіп отырғанын қоғамымыздағы барлық тарап қымсынбай мойындайды.
Қоғам • 29 Шілде, 2020
Азадан ақша жасағандар жазаланады
Біреудің қайғы-қасіретінен табыс табуға ұмтылған міскіндер мына дүниеде болмаса да ана дүниеде жауап беретіні анық. Алайда, қазіргі жағдайда қоғам тұрақтылығы үшін біреудің азасы мен қазасынан ақша жасап жатқандар тізгінін тартып, міндетті түрде жазасын алғаны жөн. Қандай жолмен болса да байығысы келетін қорқау дүниеқоңыздық барлық кезде болған. Адаммен бірге жасап келе жатқан ашкөздік кісінің көз жасы, обал, сауабына қарамайды.
Саясат • 29 Шілде, 2020
Ауыл әкіміне тағылған айып қандай?
Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында жергілікті тұрғындар мен әкімнің арасында келіспеушіліктер туындауда. Нақты айтсақ, Мыңарал ауылының тұрғындары аталған ауылдық округтің әкімі Зүбаржат Қамиеваның қызметте отыруына қарсы. Жергілікті жұртшылық негізінен мұнда соңғы кездері ешқандай жұмыс атқарылмай жатқанын, әкім ауылды гүлдендірудің орнына қайта көпшілікті бір-бірімен араздастырып отырғанын айтады. Тіпті тұрғындар бұл мәселені облыс әкімі Бердібек Сапарбаевқа да жеткізген. Облыс басшысы Мойынқұм ауданына барған жұмыс сапары барысында Мыңарал ауылдық округінде де болып, жергілікті тұрғындармен кездескен еді. Мұнда да негізінен тұрғындар ауыл әкімінің мәселесін облыс әкімінің алдына қойып, шешіп беруін сұраған болатын.
Абай • 29 Шілде, 2020
«Китаб тасдиқ» Абай шығармашылығының негізі
Әуелі басы былай басталып еді: «Жүз жылдың жүзі болды Абай мұрасын азық қып келе жатқанымызға. Әлі де тамырын қопарып, танып болдық деп айта алмаймыз. Жұмбақ жанның сыры шын мәнінде оңай болмай шықты. Сөзімізге тұздық қылғалы отырған туындының бірі – «Китаб тасдиқ». Аталмыш шығарманың біз осы күнге дейін түпнұсқа мәтінін оқымай, тек аудармасымен алданып келіппіз.
Руханият • 29 Шілде, 2020
Құрбан айт: Құрбан шалу рәсімі онлайн ұйымдастырылады
Нұр-Сұлтанда дәстүрлі құрбан шалу орындары жабық болады. Құрбан шалу үшін Qurban2020.kz сайты іске қосылды.