Таным • 27 Шілде, 2021
Қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры, авиация генерал-майоры, еңбек сіңірген сынақшы-ұшқыш Тоқтар Әубәкіров – 75 жаста
Тарих • 27 Шілде, 2021
1942 жылдың қыркүйегінде майданға Ақтөбе облысынан 18-25 жас аралығындағы 300 қыз аттанған. Соғыстың беталысын болжауға мүмкін болмай, ер жауынгерлер жетіспей жатқан шақта әскерге алынған қыздардың қатарында Новоресей аудандық партия комитеті құпия бөлімінің хатшысы, 18 жастағы Шолпан Тасмұхамедова да бар еді. Мектеп бітірген бойы партия қызметіне араласқан бойжеткен тағдырын соғыс осылайша күрт өзгертті.
Әдебиет • 27 Шілде, 2021
Мұқағали мұрасы – Түркия төрінде
Биыл қазақ поэзиясының айшықты мерекесі. Маржан жыры, арман-мұңы халқының қастерлі қазынасына, миллиондардың музасына айналған Аспантаудың ақиығы Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл. Тәуелсіздіктің мерейлі белесімен тұспа-тұс келген ақын тойына арналған шаралар шоғыры еліміздің әр өңірінде салтанат құруда. Күні кеше Түркия астанасы Анкарада «Мұқағали Мақатаев және оның шығармалары» атты конференция өтіп, ақынның алты тілде жарық көрген «Соңғы тырналар қайтқанда» кітабының тұсауы кесілді.
Бизнес • 27 Шілде, 2021
СҚО-да мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 42 жоба жүзеге асты
СҚО кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, соңғы бес жылдың ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 10,4 миллиард теңгенің 42 жобасы жүзеге асты, деп хабарлайды Egemen.kz.
TOKYO2020 • 27 Шілде, 2021
Токио-2020: 28 шілдедегі қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі
Ертең, 28 шілдеде Токиода өтетін Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар спорттың жеті түрінен бақ сынайтын болады, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.