Қоғам • 21 Шілде, 2023
Жасыл қорға – кешенді көзқарас
Жайқалған жасыл желек – Алматының ажары. Алайда шаһардағы 84 мыңнан аса ағаш апатты жағдайда тұр. Алатау баурайында орналасқан ару қаланың ара-тұра тосын мінез танытып тұратын сұрапыл дауылы талай тал-теректі қопарып, адам өлімі тіркелген жағдайлар аз болған жоқ. Шаһардағы кейбір ағаштардың жасы – ғасырдан да ұзақ.
Медицина • 21 Шілде, 2023
Астана медицина университетінің түлектеріне диплом тапсыру салтанаты «Астана Опера» театрында өтті. Енді медицина саласының майталманы болуға ниеттенген мыңнан астам түлек арманына бір табан жақындады деуге болады.
Таным • 21 Шілде, 2023
Қожеке Назарұлы – біртуар тұлға
Қожеке Назарұлы – ХІХ ғасырда Тазабек, Саурықтармен бірге патшалық Ресейдің отарлау саясатына, одан кейін Қытай империясының аз ұлттарға жасаған қысымына қарсы көтерілістердің басы-қасында жүріп батыр атанған, сонымен бірге күйші-домбырашы ретінде даңқы шыққан, қазақ күй өнерінің өзіндік мектебін қалыптастырған тарихи тұлға. Соңына жүзден астам (кей деректе екі жүз) күй қалдырған Қожеке 1823 жылы қазіргі Алматы облысы Кеген ауданының Қарқара жайлауында дүниеге келген.1885 жылы әлеуметтік әділеттілік, ұлттық тәуелсіздік жолында күресіп өткен азат рухты күйшіні Қытай түрмесінің басшылары арқасын тас көмір шоғымен қарып, азаптап өлтіреді.
Қоғам • 21 Шілде, 2023
«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, Біз лагерьге барамыз» деп келетін әнді бала күнімізден жадымызда жаттаған едік. Иә, жаз маусымы жанға жайлы, көңілді демалысымен қызықты. Әсіресе мектеп оқушылары каникулды асыға күтеді.
Қоғам • 21 Шілде, 2023
Астанада Азаматтарды қабылдау орталығы ашылды
Биылғы шілде айынан бастап Астанада Министрліктер үйінде (16-шы кіреберіс) орталық мемлекеттік органдардың халықпен жұмыс жүргізу жөніндегі бірыңғай фронт-желісі болып табылатын Азаматтарды қабылдау орталығы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz