Әлем • 27 Шілде, 2020
COVID-19: Қандай дәрілер тиімді?
АҚШ Медициналық зерттеулер институты SARS-CoV-2 қарсы қолданылатын 12 мың дәрінің ішінен 21 препаратты тиімді деп бағалаған, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 27 Шілде, 2020
Түркістанға Ұлттық компания 10 дана оттегі концентраторын табыс етті
Түркістан облысы Түлкібас ауданының орталық ауруханасына жомарт жандардың демеушілігімен 10 дана оттегі концентраторы табыс етілді. Бұл жолы игі іске ықпал болған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы, деп хабарлайды Egemen.kz
Руханият • 27 Шілде, 2020
Жамбылдың Баркуаб қалашығында қазба жұмыстары жалғасуда
Жамбыл облысының Жуалы ауданында орналасқан Бурное-Октябрьск көне қалашығы ұлттың ұлы тарихының бір бөлшегі. Мұнда ғасырлар қойнауынан сыр шертетін құнды жәдігерлер, ежелгі замандағы елдің елдігін танытатын бағалы дүниелер жетерлік. Оны жергілікті тұрғындар Баркуаб деп те атайды. Атақты араб саяхатшысы Убайдалла ибн Абдалла ибн Хордадбек өз жазбаларында бұл елдімекенді Баркуаб деп көрсеткен екен. Ал, 1893 жылы Ұлы Жібек Жолының бойындағы аталған елдімекенді тапқан белгілі ғалым Василий Бартольдтың жазбаларынан да Баркуаб қалашығы туралы кездестіруге болады.
Қоғам • 27 Шілде, 2020
Мұхтар Құл-Мұхаммед: Мыңдаған отандасымыздың өміріне қауіп төне жаздады
Таяуда Алматыда жалған дәрі-дәрмектер даярлайтын астыртын цех табылғаны белгілі. Тексере келгенде сол дәрілерге арналған қорап шығаратын баспахана мен оларды сақтайтын қойма да табылып, 100 тоннадан астам күмәнді препараттар тәркіленді. Бұл туралы Парламент Сенатының Баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
Руханият • 27 Шілде, 2020
Құндылықтарынан айырылған қоғамның құбыласынан жаңылған жұртқа айналатыны белгілі. Қырық құбылған мына заманда қаймана қазақ та асыл қазынасын – рухани құндылықтарын жоғалтып жатқандай көрінеді. Сертке сенген, сөзге тоқтаған халық едік, сенімге селкеу түсті. Кез келген жайтқа күдікпен қарап, күмән келтіреміз. Сөздің астарына үңілмей, ақиқатына жүгінбей, айтары жоқ болса да, айқайы бардың айтағына ереміз. «Коронавирус жоқ, пандемия өтірік, бәрі қазаққа чип салу үшін жасалып жатыр екен» деген дақпыртқа да сендік. Ұлы Абайдың «қазақтың шын сөзге нанбай, құлаққа қоймай, тыңдауға да қолы тимей, пәлелі сөзге, өтірікке серттей ұйып, бар шаруасы судай ақса да, соны әбден естіп ұқпай кетпейтұғыны қалай?» деген сауалы тағы да алдымыздан шықты. Міне, «Абай деген адам болмаған екен» деген сөзге де ден қойып жатырмыз.