Бұған дейін аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен түлкібастық еріктілер тарапынан орталық ауруханаға 360 дана арнайы медициналық киімдер, 210 оттегі балоны, 2 дана оттегі концентраторы табысталған болатын. Сондай-ақ, аудан еріктілері тарапынан медицина саласының қызметкерлеріне түскі астар ұйымдастырылып келеді. Қазіргі таңда аудандық ауруханада жалпы 13 оттегі концентраторы бар. Бұдан бөлек, бір мезетте 55 науқас оттегімен дем ала алатын нүктелер орнатылған.
Ауданда пандемия басталғалы қауіпті дертті жұқтырған 72 адам тіркелсе, бүгінде оның 57-сі айығып шыққан, 12 науқас ем қабылдауда.