Жамбыл облысының Жуалы ауданында орналасқан Бурное-Октябрьск көне қалашығы ұлттың ұлы тарихының бір бөлшегі. Мұнда ғасырлар қойнауынан сыр шертетін құнды жәдігерлер, ежелгі замандағы елдің елдігін танытатын бағалы дүниелер жетерлік. Оны жергілікті тұрғындар Баркуаб деп те атайды. Атақты араб саяхатшысы Убайдалла ибн Абдалла ибн Хордадбек өз жазбаларында бұл елдімекенді Баркуаб деп көрсеткен екен. Ал, 1893 жылы Ұлы Жібек Жолының бойындағы аталған елдімекенді тапқан белгілі ғалым Василий Бартольдтың жазбаларынан да Баркуаб қалашығы туралы кездестіруге болады.

Атақты Баркуаб қалашығының қазба жұмыстары 2018 жылы басталған болатын. Осыдан екі жыл бұрын басталған жұмыс бүгінде жүйелі жалғасын табуда. Ал, қазба жұмыстары басталғанға дейін мұнда тек барлау экспедициялары жүргізілген. Бүгінде қалашықтың құпиясын ашу мақсатында да бірқатар жұмыстар атқарылуда. Тарихи қалашықтың жұмысымен танысу мақсатында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Жуалы ауданына барды.
Бұл ретте «Арк ғылыми ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Ескендірбек Төрбеков 2018-2019 жылдар аралығында біздің дәуірімізге дейінгі II ғасыр – біздің дәуіріміздің V ғасыры, біздің эрамызға дейінгі VI - XIII ғасырларға жататын 3000-нан астам артефактілер табылғанын жеткізді. Сонымен қатар, аталған елдімекеннен керамикалық ыдыстар, керамика фрагменттері, ұн тартқыштар және тасты диірмендер табылған. Археологиялық жұмыстар облыстық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен жүргізілуде.
Бүгінде қазба жұмыстарын Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтының қызметкерлері атқаруда. Қазба жұмыстарына Әулиеата өңірінің ғана емес, Түркістан облысының еріктілері де өз үлесін қосуда. Тарихи ескерткіштерді қорғау бойынша «Asyl Mura» волонтерлік жобасын «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі жүзеге асырып келеді. Ескендірбек Төрбековтің айтуынша, үлкен аумақты алып жатқан Бурное-Октябрьск қалашығын Қаңлы империясының гүлдену кезеңіне жатқызуға болады екен. Аталған қала орнында бүгінде Жуалы ауданының Нұрлыкент, Теріс, Бақалы ауылдары орналасқан.
Бердібек Сапарбаев артефактілермен танысып, қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан ғимаратты аралап көрді. Мұнда аса бүлінбеген қабырғалар, күмбез түріндегі төбелер, кең дәліздер және шағын бөлмелер барынша сақталған. Археологтар сол кездегі адамдар мұнда салт-жоралғыларын өткізгенін айтады. Бурное-Октябрьск қалашығы Жамбыл облысының киелі жерлерінің географиясына енетін Қазақстанның оңтүстігіндегі Ұлы Жібек Жолының солтүстік тармағының бойындағы 37 негізгі туристік нысандар тізіміне кірген.
Өз сөзінде Ескендірбек Төрбеков аталған қалашықтың өңірімізде ерте кезден-ақ сәулет, құрылыс, сауда, ауыл шаруашылығы, әсіресе егін шаруашылығының жақсы дамығанын көрсететінін атап өтті. Айрықша айтып өтетін тағы бір жағдай, сол кездегі ирригациялық жүйелер бүгінгі күнге дейін бұзылмай жеткен екен. Сондай-ақ, тарихи деректер бойынша сол кездегі қалашық тұрғындарының Еуропа елдері мен ежелгі Русьтен айырмашылығы – олар сол кезде-ақ су құбырлары және кәріз желілерін салып, пайдаланған.
Кездесу барысында Бердібек Сапарбаев қазақ халқы әрқашан Шығыс пен Батыс өркениеттерінің арасын байланыстырушы негіз болғанын, ата-бабаларымыздан көптеген ғылым-білім, жаңа өнертабыстар тарағанын атап өтті. Сонымен қатар, көшпелілердің ежелгі және ерекше өркениеті әлем тарихында үлкен маңызға ие екенін айтып, бұл аталған қалашық аумағындағы қазба жұмыстары барысында тағы бір дәлелденіп отырғанын жеткізді.
Жамбыл облысы

Салымшылар табысы 1,2 триллион теңгеден асты
Қаржы • Кеше
Алматыда шамамен індеттің 40%-ы қоғамдық орындарда жұғады
Коронавирус • Кеше
Өскеменде есірткі «қойып кетуші» қыз ұсталды
Видео • Кеше
Жаңақала жігіттерінің жақсы ісі
Қоғам • Кеше
Президент ауызсумен жабдықтауды субсидиялау туралы заңға қол қойды
Президент • Кеше
Қоғам • Кеше
Қостанайда құрылыс алаңы отқа оранды
Аймақтар • Кеше
Қазақстандық судьялар сот шешімінің орындалуын қадағалайды
Қазақстан • Кеше
Аймақтың дамуына «Ауыл – ел бесігі» екпін берді
Аймақтар • Кеше
Қостанайда карантин талаптары қайта күшейді
Аймақтар • Кеше
Елбасы Асхат Аймағамбетовті қабылдады
Елбасы • Кеше
Доллардың ертеңгі бағамы белгілі болды
Экономика • Кеше
Бірнеше облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Сау адамдарға ПТР-тест жасауға болмай ма?
Қоғам • Кеше
Қостанайдағы құрылыс алаңында вагон өртенді
Аймақтар • Кеше
WhatsApp бір айдың ішінде 30 млн қолданушысынан айырылды
Технология • Кеше
Өткен жылы Алматыға 88 мыңнан астам иммигрант келген
Қоғам • Кеше
Қытай әскері Тайванға басып кірді
Әлем • Кеше
Жамбыл облысында балық шаруашылығы дамып келеді
Аймақтар • Кеше
Қостанайда 9700 тұрақты жұмыс орны ашылады
Аймақтар • Кеше
Интернет алаяқтың тағы бір құрбаны 500 мың теңгесінен айырылды
Аймақтар • Кеше
Қызылордада күдікті көліктен 1 келі есірткі табылды
Аймақтар • Кеше
Сенаторлар нотариат туралы заң жобасын қарайды
Парламент • Кеше
Қарағанды облысында зейнеткерлер тоналды
Аймақтар • Кеше
Көлік апаты.. Ақтөбеде екі адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9% сақтап қалды
Экономика • Кеше
Өз туыстарын тонаушылар көбейген
Аймақтар • Кеше
Әлемде табиғат апаттары жиілеп кетті - экологтар
Экология • Кеше
Бүкіл Еуропаға ортақ болған валюта табылды
Тарих • Кеше
Қазақстанда тоқыма өндірісінің қарқыны қандай?
Қазақстан • Кеше
Экология вице-министрі қызметінен босатылды
Қазақстан • Кеше
Елордада қылмыс саны 20%-ға азайған
Аймақтар • Кеше
1 ақпаннан бастап Алматы толығымен цифрлы телехабарға көшеді
Технология • Кеше
Дубайдан келген 4 жолаушыдан коронавирус табылды
Қазақстан • Кеше
Вакцина қабылданған АҚШ тұрғыны қайтыс болды
Әлем • Кеше
Бразилияда футболшылар бар ұшақ апатқа ұшырады
Әлем • Кеше
Көктемгі егіс науқанына дайындық басталды
Қазақстан • Кеше
Өскеменде автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті
Оқиға • Кеше
БҚО: Баланы қар үйіндісі басып қалды
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтар БЖЗҚ-дағы ақшаны қайда жұмсай алады?
Қаржы • Кеше
Көксу зауыты қамыстан қант шығаруды қолға алды
Аймақтар • Кеше
Триестадағы турнирде алтыншы орында қалып қойдық
Спорт • Кеше
Індет жұқтырғандар саны көбейді
Коронавирус • Кеше
Алматының Әлеуметтік әл-ауқат басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Білім беру саласы толығымен цифрландырылды
Аймақтар • Кеше
«HR-PROCESS»: 2 мыңнан аса үміткердің өтініші қабылданды
Аймақтар • Кеше
Президенттің апталық жұмысына бейне шолу
Видео • Кеше
Алдағы күндері қар жауып, күн жылынады
Қазақстан • Кеше
Мексика президенті коронавирус жұқтырды
Әлем • Кеше
Өткен жылы 240 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар