Ауа райы • 11 Сәуір, 2025

Алдағы күндері ауа райы тұрақсыз болады

609 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдағы күндері ел аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Көптеген өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, кей жерлерде бұршақ түсуі ықтимал. Сонымен қатар, түнгі уақытта солтүстік-батыс пен солтүстік өңірлерде жаңбырмен қатар қар жаууы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы күндері ауа райы тұрақсыз болады

Фото: Ашық дереккөз

12 сәуір күні Қостанай облысында, 13-14 сәуірде Ақмола облысында, ал 14 сәуірде Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Абай және Жетісу облыстарында жауын-шашын күтілуде. Сол күні Ұлытау облысында да жаңбыр немесе қар жаууы ықтимал. Республика бойынша тұман түсуі мүмкін.

Суық ауа массаларының әсерінен кейбір өңірлерде аяз күтіледі. Атап айтқанда, 12 сәуірге қараған түні Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарында, ал 12-14 сәуір аралығында Ақтөбе, 13-14 сәуірде Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында 1-3 градус аяз болжанып отыр.

Күндізгі ауа температурасы өңірлерге қарай әртүрлі болады:

  • Батыс Қазақстанда 13-20 градустан 17-23 градусқа дейін көтеріледі;
  • Оңтүстік-батыста 15-20-дан 22-27 градусқа дейін жылы болады;
  • Солтүстік-батыста 8-15 градустан 12-20 градусқа дейін көтеріледі;
  • Солтүстік пен орталық өңірлерде 20-25 градустан 10-15 градусқа дейін салқындайды;
  • Шығыста 23-29 градустан 12-20 градусқа дейін төмендейді;
  • Оңтүстікте 28-33 градустан 23-28 градусқа дейін салқындайды;
  • Оңтүстік-шығыста 23-33 градустан 18-25 градусқа дейін төмендейді деп болжанған.

Мамандар тұрғындарды ауа райының күрт өзгерістеріне дайын болуға және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.