Оқиға • 11 Сәуір, 2025

Елімізде төрт жаңа су қоймасы салынады

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда ауқымды су жобасы іске қосылды. Ислам даму банкінің қолдауымен және БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан бастама елдің бірнеше өңірінде су инфрақұрылымын түбегейлі жаңартуды көздейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде төрт жаңа су қоймасы салынады

Фото: Ашық дереккөз

Атап айтсақ:

  • 4 жаңа су қоймасы салынады;
  • 4 тозығы жеткен қойма қайта жаңғырады;
  • 115 су арнасы қайта жөнделіп, тіршілік көзіне жол ашады.

Айта кетейік, ауқымды жұмыстар Астана қаласы мен Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан және Жетісу облыстарын қамтиды.

Сонымен қатар жоба аясында су бассейндері терең зерттеліп, ерте ескерту жүйелері енгізіледі. Сондай-ақ елдің су саласындағы басты құрылымы – «Қазсушар» толық жаңғыртылмақ.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов бұл жобаның елдегі су шаруашылығына жаңа серпін беріп, болашақ ұрпаққа қауіпсіз әрі тұрақты су жүйесін қалдыруға бағытталғанын атап өтті.

 

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35