Аймақтар • 11 Сәуір, 2025

Алматыда 120 студентке арналған жатақхана ашылды

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Студент жастарға қолайлы жағдай жасау мақсатында жеке инвестициялар есебінен 120 студентке арналған заманауи жатақхана бой көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда 120 студентке арналған жатақхана ашылды

Жатақхана аумағында студенттердің жайлы өмір сүруі үшін барлық жағдай қарастырылған. Жарық әрі кең бөлмелер, ас үй, оқу және демалыс орындары, wi-fi желісімен жабдықталған конференция залы бұл білім алушыларға түрлі іс-шаралар ұйымдастыруға және онлайн білім алуына мүмкіндік береді.

Жастар саясаты басқармасының мәліметінше, қалада 127 студенттік жатақхана бар. Онда 40,3 мыңнан астам студент тұрып жатыр. Былтыр 4304 төсек-орынға арналған 16 жаңа нысан пайдалануға берілген. Биылғы жылдың соңына дейін тағы 6000 төсек-орын қосылады деп жоспарлануда. Ал жаңа жатақханада Қазақ Ұлттық қыздар педагогигалық университетінің студенттері тұратын болады.

Қазіргі кезде қалада студенттерді жатақханамен қамту мақсатында жобалық кеңсе жұмыс істеп жатыр. Кеңсе жатақхана құрылысын тиімді үйлестірумен қатар, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға және жастарға арналған тұрғын үй инфрақұрылымын дамытуға үлес қосып келеді.