Медицина • 11 Сәуір, 2025

Сәби сүйгісі келетін отбасыларға тегін медициналық қызмет көрсетіледі

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Алматыда әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры есебінен қаладағы ерлі-зайыптылар толық прегравидарлы дайындықтан тегін өтеді. Бұл мақсатқа 673 млн теңге бөлініп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Сәби сүйгісі келетін отбасыларға тегін медициналық қызмет  көрсетіледі

Бала көтергісі келетін алматылық отбасылар көптеген медициналық қызметтерді тегін алады. Негізгі шарт - сақтандырылған жарнасы уақытылы аударылуы қажет. Жарна тұрақты аударылмаған жағдайда медициналық қызметтердің біраз бөлігі қолжетімсіз болып қалады.

Прегравидарлы кезеңде отбасылық жұптар жүктілікке дейін жан-жақты тексеруден өтеді. Яғни, бұл кезеңде өмірге дені сау бала әкелу үшін заманауи медицина мүмкіндіктері қолжетімді болмақ. Болашақ ата-аналар бұл кезеңде түрлі диагностикалаудан өтеді.