
Бұлар клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіш боп табылады. Соның ішінде сапалы және сезімталдығы жоғары талдауға ИХЛТ диагностикасы жатады. Бұл әдістің ауқымы жылдан жылға кеңейіп келеді. Мәселен ИХЛТ арқылы 2022 жылы – 56411 тексеру жүргізілсе, былтыр оның саны - 133459 көбейген.
АИТВ-ға тексерілушілер қатарының артуына байланысты Шымкент қаласы ЖИТС орталығының диагностикалық зертханасында биыл сәуір айынан бастап бұрынғы аппарат MAGLUMI 2000 Plus ИХЛА-ның орнына жаңа жетілдірілген түрі MAGLUMI X3 автоматты ИХЛА қондырғысы іске қосылды.
MAGLUMI X3 – медициналық зертханаларда хемилюминесценциялық иммундық талдау (CLIA) арқылы диагностика жүргізетін анализатор. Ол әртүрлі ауруларды табуға көмектеседі. Гормон, витамин, ақуыз сол секілді қандағы әртүрлі биомаркерлердің деңгейін анықтайды. Яғни кең ауқымды сынақтар жүргізеді.
Сонымен қатар MAGLUMI X3 – жиі жұқпалы ауруларды, қалқанша безінің ауруларын, кардиологиялық және онкологиялық дерттерді диагностикалап береді. Оның басты ерекшелігі жоғары сезімталдығы мен дәлдігінде. Зертхана мамандары үшін аппарат таптырмас құрал.
Аталмыш анализатор ИФА-мен салыстырғанда талдаманы дәл орындайды және терең тексереді. Өйткені өлшеу жүйесі «тікелей» иммунохилюминесценцияға негізделген. Анализатор антигеннің оптикалық тығыздығын, сосын антидененің тығыздығын бөлек-бөлек санап нәтижесін шығарады. Науқастың АИТВ-ны жақын арада жұқтырғанын оң нәтиже көрсеткен антигенінің оптикалық тығыздығын салыстырмалы талдау арқылы білуге болады.
Анализатордың тағы бір артықшылығы бірінші анализ қорытындысын 55 минуттан кейін дайын етеді. Келесі қан сынама нәтижелері 20 секунд сайын шығып отырады. Бұл аппарат толық автоматты режимде жұмыс істеп, биологиялық материалдың (қанның) бір-бірімен араласып кетуіне жол бермейді, зертханашының шатасып кету мүмкіндігін болдырмайды. Өндіріс қуаты сағатына 200 талдау жасауға қауқарлы.
Қысқасы MAGLUMI X3 зертхананың өндірістік қуатын арттыруға, серонегативті терезе кезеңін 2-3 аптаға дейін қысқартуға, сондай-ақ күмәнді нәтижелер санын азайтуға мүмкіндік береді.