Аймақтар • 23 Шілде, 2019
Қарасу халқы құлшылық үйін салып жатыр
Қостанай облысы Амангелді ауданы Қарасу ауылының азаматтары бірігіп, біраз шаруа тыңдырып жүр. Мұндағы істің көп ұйытқысы жергілікті тұрғындар мен сыртта жүрген кәсіпкерлер. Олар Нұр-Сұлтан қаласының туған күні қарсаңында ауылда заманауи шағын футбол алаңын салып алған болатын. Таяуда ауылда мешіттің іргетасы қаланды.
Аймақтар • 23 Шілде, 2019
Мұнай-химия кешені: Қазақстандық қамту басты назарда
Орта Азиядағы бірегей мұнай-химия кешенін іске қосатын уақыт жақын қалды. Атырауда «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» ЖШС қолға алған жобаның құрылыс жұмыстарына 36 мердігер тартылған, оның 33-і отандық компания.
Аймақтар • 23 Шілде, 2019
Шымкенттің топографиялық картасы жасалуда
Алдағы уақытта Шымкент қаласының 50 мың гектар аумағына топографиялық карта әзірленбек. Себебі шаһардың соңғы рет бекітілген Бас жоспарына сай қала аумағының 8 000 гектарына ғана топографиялық карта жасалған.
Спорт • 23 Шілде, 2019
«Тобылдың» бапкері қызметінен кетті
Қостанайдың «Тобыл» футбол клубының бас бапкері Владимир Газзаев Еуропа лигасындағы команданың сәтсіз өнер көрсетуіне байланысты өз еркімен жұмысынан кетті. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
Елордада бокстан жетінші рет ұйымдастырылған Президент кубогы жарысы өз мәресіне жетті. Алыс-жақын шетелден келген былғары қолғап шеберлері өнерлерін ортаға салып, әлем чемпионаты алдында өзара кім мықтыны анықтады.