Аймақтар • 23 Шілде, 2019

Шымкенттің топографиялық картасы жасалуда

1187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдағы уақытта Шымкент қаласының 50 мың гектар аумағына топографиялық карта әзірленбек. Себебі шаһардың соңғы рет бекітілген Бас жоспарына сай қала аумағының 8 000 гектарына ғана топографиялық карта жасалған.

Шымкенттің топографиялық картасы жасалуда

Оның өзі 1985-86 жылдары түсіріліпті. Ал соңғы жылдары Шымкентке жаңа қосылған елді мекендерді есептегенде  шаһар аумағы 117 мың гектарға жеткен.

Шымкент қаласы сәулет және қала құрылысы басқарма­сының басшысы Жеңіс Байым­бетовтің айтуынша, 117 мың гектар жерді топографияға түсі­руге 3 млрд 700 млн теңге көле­мін­де қаржы жұмсау қажет.

 «Бұл Шымкент қаласы­ның топографиялық картасы болғандықтан, оны түсіруші мекеменің міндетті түрде мем­лекеттік лицензиясы болуы шарт. Қала әкімі Ғабидолла Әбді­рахымов мәселені шешуге ықпал етіп, бүгінде топо­гра­фиялық түсірілім құны – 1 гек­­тар жер теліміне 8000 тең­геге тұрақтады. Нәти­же­сінде, қала­ның игерілген жер телімі­нің 50 мың гектарына топо­графиялық карта дайын­далды»,  дейді Жеңіс Жайлауұлы.

 

ШЫМКЕНТ