Медицина • 18 Шілде, 2018
Малдәрігерлік қызмет уақыт талабына сай ма?
Қазақстан өткен ғасырдың сексенінші жылдарының аяғында мемлекеттік және ұжымдық шаруашылықтар 40 млн қой, 9,5 млн ірі қара және басқа да мал түліктерін өсіріп, бір жарым миллион тонна (сойыс салмағы) сапалы етті шетелдерге шығарып келді. Мал басын сақтау шаралары, малдәрігерлік жұмыс жолға қойған еді.
Медицина • 18 Шілде, 2018
Жаңа әскери мамандықтар ашылды
Еліміздің әскери ЖОО-ларында қазақстандықтар үшін жаңа әскери мамандықтар қолжетімді болып отыр. Оның ішінде, биылғы жылдан бастап Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында «Цифрлы Қазақстан» кешенді бағдарламасын іске асыру шеңберінде және Қазақстан Қарулы Күштерін ақпараттық технологиялар саласы мамандарымен қамтамасыз ету мақсатында алғаш рет «Бағдарламалау» біліктілігін бере отырып, «Киберқауіпсіздік» мамандығы ашылды.
Тәрбие • 18 Шілде, 2018
Баланың ойлауы ойнау арқылы қалыптасады
Байырғы бабаларымыз елдің ертеңін баланың қалай ойнағанына қарап болжаған деседі. Бүгінгі қоғамда біз жиі қолданатын «бала – елдің болашағы» деген ұран осы бір оймен ұштасып жатқандай көрінеді. Баланың ойлауы дұрыс ойнауынан басталатынын о бастан сезген халқымыз бұл мәселеге ешуақытта атүсті қарамаған. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерімізді өркендеудің берік діңі ету керек» деген жолдар бүгінгі жаһандану заманында бүлдіршіндерді атадәстүрден ажыратпай, ұлттық болмысқа сай тәрбиелеудің маңызы зор екенін тағы да бір қуаттап тұрғандай. Өз кәсібін осы бағытқа бағдарлаған алматылық шебер Айдар Бексұлтановтың қолтаңбасынан шыққан балаларға арналған шағын ойыншық киіз үйлер жаңғырудың нағыз жарқын үлгісіндей болып көрінді.
Ауыл шаруашылығын цифрландыру болашақтың баламасыз жолы
Әлем елдерінде қазіргі уақытта ауыл шаруашылығын цифрландыру қарқынды түрде жүріп жатыр. Уақыт өткен сайын бұл салада неше түрлі жаңа технологиялар пайда болып, олар жедел түрде өндіріске енгізілуде. Мәселен, Еуропадағы компаниялар енді егістік жағдайын зерттеумен айналысатын дрондарды да шығара бастады. Бұл машиналар фермерлердің егіс шығымдылығын алдын ала болжап білулеріне жағдай туғызуда. Осы үдеріс кеңінен қанат жая келе, бүкіл ел бойынша әрбір егіс алқабының шығымдылығын күні бұрын анықтау мүмкіндігі пайда болатын көрінеді.
Бизнес • 18 Шілде, 2018
Балық аулау жиырма есеге артты
Өзегі Арал теңізі болған «Қан мен терді» оқымаған, ондағы оқиғаларға елең етпейтін қазақ жоқ шығар. Ұлан-ғайыр даласында аузы-мұрнынан шығып ақтарылып жатқан өзен, көлдері жоққа тән қазақ үшін Арал теңізі ерекше маңызға ие. Ұлы теңізден қиыс жатса да киіз туылдырықты алаш баласы үшін бұл теңіздің жөні бөлек-тін. Сонау алпысыншы жылдары айдынның айбыны асқанда шын жүрекпен қуанды. Солақай саясаттан теңіз тартылып, көні кепкенде осындағы жұртпен бірге мұңайды. Арал қашанда қазақтың жүрегінде ерекше орын алып келеді. Елбасының пәрменімен Кіші Арал айдынға айналғанда барша қазақстандықтар тілеуін тіледі.