Теннис • 17 Шілде, 2018

«Президент кубогы» басталды

538 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық теннис орталығында «Президент кубогі – 2018» жарысы басталды. Жыл сайын өтетін дәстүрлі теннис додасы Астана қаласында 22-шілдеге дейін жалғасады. Биылғы бәсекенің жүлде қоры 205 мың Ақш долларын құрап отыр.

«Президент кубогы» басталды

Турнирге 30 елден келген 100 теннисші қатысады. Олардың ішінде әлемдік рейтингкте ТОП 100 қатарына енетін спортшылар да бар. Ал Қазақстан атынан сайысқа Тимур Хабибуллин, Денис Евсеев, Роман Хасанов, Гөзел Айнетдинова, Анна Данилина және Жібек Құламбаевалар түседі. Жарысқа қатысып бастаған Дмитрий Попко болса жарақатына байланысты белорус Дмитрий Жирмонтқа қарсы кездесуге шыға алмады.

Дәстүрлі жарыс алдында Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараевтың да пікірін біле кеттік.  

- Өздеріңіз байқағандай, бұл жолы жарысымыздың жүлде қоры көбейіп отыр. Мықты теннисшілерді шақырып, жоғарғы деңгейдегі теннис сайысын ұйымдастыру үшін осындай қадамдарға барып отырмыз. «Президент кубогі» жарысы жыл сайын дамып келеді. Түбінде біз бұл жарысты АТР TOUR санатына кіргізіп, абыройын одан әрі көтермекшіміз. Сол үшін де қазірден бастап әрекет жасаудамыз. Ал Дмитрий Попкоға келетін болсақ, оның жарақаты бұрыннан меңдеп жүрген. Тіпті ол Хорватия – Қазақстан кездеуі кезінде де жарақаты болған. Енді оған ота жасалып, біршама уақыт емделуі тиіс.  

Ермұхамед Мәулен,

«Егемен Қазақстан»