Әдебиет • 24 Шілде, 2024
Чехов – ой алыбы, ізгілік шырақшысы. Жазушының өмір жолы адамгершілікке, жақсылық нұрына толы. Әр шығармасынан адамға деген махаббат, жанашырлық есіп тұратын қаламгердің ағасына жазған хаты бір төбе.
Құрылтай • 24 Шілде, 2024
Ортақ мүдде аясындағы ынтымақтастық
Елімізді өңірлік және халықаралық қатынастар жүйесіне интеграциялау міндеті «КazAID» агенттігіне жүктелген. Құрылғанына үш жылға жуықтаған ұйым қазіргі таңда өзге мемлекеттермен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени-гуманитарлық байланыс орнатуға ықпал етіп келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда агенттікке әлемдік аренада төл брендті, тарихты және мәдениетті насихаттауды тапсырды. Осы орайда «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің басқарма төрағасы Аркен АРЫСТАНОВТАН атқарылған жұмыстар барысын сұрап білдік.
Білім • 24 Шілде, 2024
Грузияның Кутаиси қаласында өткен EuPhO-2024 Еуропалық физика олимпиадасында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы төрт медальмен толықты. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін бұл білім бәйгесі биыл сегізінші рет ұйымдастырылып отыр. Халықаралық физика сайысына осы жылы 55 елден 256 оқушы қатысып, бақ сынаған. Ел намысын қорғаған оқушыларымыз екі күміс, екі қола медальға қол жеткізіп, аталған сайысқа қатысқан 55 елдің арасында жалпыкомандалық тоғызыншы орынды иеленді.
Білім • 24 Шілде, 2024
«Балдәурен» балабақшасы ашылды
Әулиекөл ауданында «Балдәурен» балалар лагерінің ашылу салтанаты өтті. Аманқарағай орманындағы тұмса табиғат аясына орналасқан лагерьдің құрылысына «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының әлеуметтік қолдау жобасы аясында 268 млн теңге қаржы бөлінген.
Әдебиет • 24 Шілде, 2024
«Түркі дүниесінің рухани мекенінде» туған тұғырлы туынды
Башқұрт тілінде «төрк» деген қастерлі сөз бар. Қазақшасы – түрік. Орысша сөз қолданыста «турок», «тюрк» болып кете береді. Түрік тілдерінде 160 миллионнан астам адам сөйлейтінін еске алсаң, көңіліңді қуаныш кернейді. Қазіргі заманда ғалымдар түріктердің бүкіл адамзаттық өркениеттің басы болғанын айтып жүр. Өкініші – Түріктердің бүгінгі ұрпағы тамырдан алыстап кетті. Көбісі түрік сөзінің ішкі мағынасын түсіне бермейді. Алыс-жақын түрік халқына өздерінің бағзы бір түріктің ұрпағы екенін ұғындырсам, Түркістан түбірге сайсаң Түрікстан екенін жетесіне жеткізсем деп жүрген бір азамат – біздің қазақ досымыз Құлбек Ергөбек.