Үкімет • 21 Шілде, 2017
Кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптасып келеді
Үкіметтің баспасөз орталығы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыруға арналған арнайы брифингтер легін кеше кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру тақырыбында жалғастырды. Оған Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова қатысып, Ұлт жоспарының бірінші бағыты бойынша атқарылған жұмыстар жайын баяндады.
Жеңіл атлетика • 21 Шілде, 2017
Жеңіл атлеттерімізді жеңісімен құттықтады
Кеше Астанада Президент Әкімшілігінің Басшысы, еліміздің Жеңіл атлетика федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков пен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қатысуымен Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.
Үкімет • 21 Шілде, 2017
Солтүстіктегі соны серпілістер
Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Қызылжар өңірінде болып, «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында Елбасы қойған міндеттердің орындалу барысымен танысты. Бірқатар шаруашылық, кәсіпорындарды аралап, агроөнеркәсіп кешенін дамытуға арналған республикалық кеңес өткізді.
Білім • 21 Шілде, 2017
Тіл тазалығына ерекше мән беру керек
– дейді филология ғылымдарының докторы, академик Рәбиға Сыздықова.
ЭКСПО-2017 • 21 Шілде, 2017
Қазақстан үшін болашақта жел энергетикасының маңызы өте зор болмақ. Өйткені, соңғы зерттеулер Қазақстанның жел әлеуеті өте жоғары екендігін көрсетті. Ол жылына 920 миллиард киловатт-сағат деп бағаланып отыр. Бұл – әлемнің көптеген елдерімен салыстырғанда, үздік көрсеткіштердің бірі. Сондай-ақ, өз еліміздегі басқа табиғи қуат көздерінен де көп жоғары тұр. Салыстыру үшін айта кетейік, энергия тиімділігін бағалау саласында инжинирингтік және консалтингтік қызмет көрсететін Energy Partner компаниясының мамандары Қазақстандағы күн энергетикасы жылына 2,5 миллиард киловатт-сағат, ал гидроэнергетика саласы жылына 30 миллиард киловатт-сағат энергия өндіре алады деп есептеп шығарған. Демек, Қазақстанның жел энергетикалық әлеуеті суға қарағанда 30 есе, күн энергетикасына қарағанда 350 еседен астам жоғары.