Кәсіпқой бокс • 27 Шілде, 2020
АҚШ-тың әйгілі ESPN телеарнасы кәсіпқой бокста жүрген 25 жасқа дейінгі ең талантты деген 50 жас боксшының тізімін жариялады.
Саясат • 27 Шілде, 2020
Польша әйелдерді қорғау келісімінен бас тартты
Польша «Ыстанбұл конвенциясы» деп аталатын Еуропаның әйелдерді қорғау келісімінен шығатынын хабарлады. Әділет министрі Збигнев Зебро келісімнің пайдасыз екенін, сонымен бірге мектептерде балаларға жыныс сауаттылығын оқытуды міндеттейтінін айтты.
Экономика • 27 Шілде, 2020
Цифрландыру бағытында неге кемшілік көп?
БҰҰ-ның электронды үкіметті дамыту жөніндегі жаһандық рейтингінде (EGDI) биыл Қазақстан 29-орынға көтеріліп, посткеңестік елдердің арасында Эстониядан кейін екінші үздік нәтижені көрсетті. Алайда мобильді және кеңжолақты интернет жылдамдығының Speedtest Global Index рейтингінің маусым айындағы нәтижесінде еліміз Фиджи, Багам, сондай-ақ Тринидад және Табаго сынды шағын аралдық мемлекеттерден артта қалып, 95 және 65-орындарға жайғасты.
Қоғам • 27 Шілде, 2020
Зейнетақы жинағы баспанаға бастапқы жарна бола алса игі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында азаматтардың зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана алуға жұмсау мүмкіндігін қарастыру жөніндегі бастамасы көпшіліктің көкейінде жүрген ойды дөп басқаны белгілі. Осы мәселені пысықтау үшін Президент былтыр Үкіметке нақты пәрмен берген. Аталған тетікті іске қосу қаншалықты ілгері жылжыды?
Саясат • 27 Шілде, 2020
«Самұрық-Қазына»: экономиканы қолдаудың жаңа тетігін ұсынды
«Біз қалыптасқан күрделі ахуалға тез бейімделуге және дағдарысты еңсеруге септігін тигізетін экономиканың негізгі драйверлерін айқындауға тиіспіз. Экономикамызды әрі қарай дамытуда «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры басты рөл атқарады», деген Тұңғыш-Президент Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев компаниялардың тиімділігін арттыру үшін нақты шаралар қабылдау қажеттігін, сондай-ақ елімізді кешенді орнықты даму бағдарына шығуға дайындау керектігіне баса назар аударға болатын. Осы орайда Қор ұлттық экономиканы және отандық тауар өндірушілерді қолдау бағытында компаниялардың тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа бастамаларды ұсынып отыр. Бүгінгідей қысылтаяң шақта дағдарыс жағдайындағы қазақстандық кәсіпорындарға қолдау көрсету іс-шаралары жөнінде Қордың Басқарма төрағасының орынбасары Әлішер Пірметов онлайн-брифинг барысында тарқатып айтып берді.