«Біз қалыптасқан күрделі ахуалға тез бейімделуге және дағдарысты еңсеруге септігін тигізетін экономиканың негізгі драйверлерін айқындауға тиіспіз. Экономикамызды әрі қарай дамытуда «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры басты рөл атқарады», деген Тұңғыш-Президент Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев компаниялардың тиімділігін арттыру үшін нақты шаралар қабылдау қажеттігін, сондай-ақ елімізді кешенді орнықты даму бағдарына шығуға дайындау керектігіне баса назар аударға болатын. Осы орайда Қор ұлттық экономиканы және отандық тауар өндірушілерді қолдау бағытында компаниялардың тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа бастамаларды ұсынып отыр. Бүгінгідей қысылтаяң шақта дағдарыс жағдайындағы қазақстандық кәсіпорындарға қолдау көрсету іс-шаралары жөнінде Қордың Басқарма төрағасының орынбасары Әлішер Пірметов онлайн-брифинг барысында тарқатып айтып берді.

– Биыл маусым айында Елбасының төрағалығымен өткен Қорды басқару жөніндегі кеңесте, әлемдік экономикадағы қалыптасқан жағдайда, отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған шаралар жөнінде есеп берген болатынбыз. Айта кету керек, бұл бағыттағы ауқымды жұмыстар «Атамекен» палатасы және салалық қауымдастықтармен тығыз байланыста іс жүзінде атқарылуда. Тұтастай алғанда, биыл Қазақстандық тауар өндірушілер жылы деп белгіленді. Ақпан айында тұңғыш рет өткен «Самұрық Бизнес Форумы» осы жұмысқа ерекше серпін беріп, кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған жаңа ұсыныстар қалыптастырылды. Алдын ала болжау негізінде және бизнес өкілдерінің сараптауы бойынша, аталған шаралар, Қор компанияларының қаржысын үнемдеп, Қазақстандық тауар өндірушілердің қарқынды дамуына нақты және мол мүмкіндік береді, – деген ол қабылданған шаралар арқасында тиімді нәтижеге қол жеткізілгенін атап өтті. Әлішер Пірметовтің айтуынша, бағдарлама «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының өнімдерін өткізуде тығырыққа тірелген кәсіпорындармен тікелей шарттар жасасуды көздейді. Өз кезегінде бұл компаниялар тобына қажетті тауарларды сатып алуға, ал кәсіпорындарға өндірістік процесті тоқтатпауға және жұмыс орындарын сақтауға мүмкіндік береді.
– Қордың импортты алмастыру бағдарламасы айтарлықтай кеңейіп келе жатыр. Осыған байланысты біз сатып алу қызметіндегі дәстүрлі тәсілдерді қайта қарастырдық.
Егер бұрын ол тек холдингішілік операциялық функцияны көздеген болса, қалыптасқан жағдайда ол отандық бизнесті қолдаудың нақты тетіктерін қамтиды, – деді Әлішер Пірметов.
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қолдау бағдарламасының нәтижелері бойынша сомасы 28,3 млрд теңге болатын 47 жоба қаралды, бұл 38 өндірушіні қамтиды. Кәсіпорындардың жоспарланған жүктемесі орта есеппен 35%-дан 85%-ға дейін ұлғаяды, тоқтап тұрған 2 мың жұмыс орны қалпына келтіріліп, 800 жаңа жұмыс орны құрылады. Аталған артықшылықтар мен пайдалардан басқа, бюджетке өндірістік жүктемені ұлғайту есебінен 6 млрд теңгеге жуық салық түсетінін атап өту қажет.
– Егер жоғарыда айтылғандарды түйіндесек, жаңа тәсілдерді іске асыру жұмыс орындарын сақтап қана қоймай, бюджетті қосымша салық түсімдерімен қамтамасыз етіп және жаңаларын құруға мүмкіндік бере отырып, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қолдаудың нақты тетігі болатынын айтуға болады. Қор отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша жүйелі жұмысты одан әрі жалғастыруға ниетті. Қор отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша жүйелі жұмысты одан әрі жалғастыруға ниетті. Мұндай жүйелі шаралар Қазақстан экономикасына шикізат нарықтарының конъюнктурасына аз тәуелді бола отырып, жаңартылған әлеуеті бар дағдарыстан шығуға ықпал ететін болады, – деп сөзін жалғады ол.
Естеріңізге сала кетсек, «Самұрық-Қазына» қоры 2020 жылды қазақстандық тауар өндірушілерді қолдау жылы деп жариялап, бірқатар шараларды нақтылаған болатын. Олардың бірі оффтейк-келісімшарт механизмі мен импортты алмастыратын өнім тапсырысына кепілдік беру құралы болды. Қор «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп жаңа өндірістер құру бойынша инвестициялық жобаларды қарастырды. Әлішер Пірметов 2019 жылы іске қосылған импорт алмастыру бағдарламасы туралы да айтып өтіп, бағдарлама аясында импорт алмастыруға бағытталған жаңа өндірістерді нақты құруға бағытталған жаңа бастамаларды қолдау үшін оффтейк-келісімшарттарының механизмі іске асырылып жатқанын жеткізді.
– Осы мақсатта біз Үкімет жанындағы Жобалау Кеңсесімен, Кәсіпкерлер палатасымен және салалық қауымдастықтармен жұмыс істейміз. Аталған шаралар мен жаңа тәсілдер бизнес-қауымдастықпен өзара тиімді ынтымақтастық мүмкіндіктерін жоққа шығармайды. Сондықтан бүгінгі алаңда бизнес ортада кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер туралы ақпарат бергіміз келді. Мұндай жүйелі шаралар, сөзсіз, Қазақстан экономикасына шикізат нарықтарының коньюктурасына аз тәуелді бола отырып, жаңартылған әлеуеті бар дағдарыстан шығуға ықпал ететін болады, – деді Әлішер Пірметов.
Брифинг аясында Әлішер Пірметов кәсіпкерлер мен тауар өндірушілермен арнайы құрылған сайтты көпшілік назарына ұсынды. Аталған сайт (https://svoyzavod.kz/) арқылы оффтейк-шарт жасасу немесе импорт алмастыру үшін пулға тауарларды енгізуге өтінім беруге болады. Өз кезегінде, Қор компаниялар тобы өндірушілерге олардың өнімдерін сатып алуға кепілдік береді. 2018-2020 жылдар қорытындысы бойынша Қор компаниялар тобы 37 оффтейк-шарт жасап, инвестиция көлемі 218 млрд теңгені құрады. Одан бөлек 2 мың жаңа жұмыс орны құрылып, кәсіпорындар 11,5 млрд теңге салық төледі. «Самұрық-Қазына» ұсынып отырған іс-шаралар отандық тауар өндірушілерді қолдаудың әжептәуір тетігіне айналады. Қордың сатып алуларына отандық өндірушілердің қолжетімділігін кеңейту, қолданыстағы бизнесті қолдаудың жаңа тетіктерін енгізу, ішкі сұранысты қанағаттандыруға бағытталған жаңа өндірістерді құру жөніндегі бағдарламаларды іске асыру дамудың қосымша кеңістігін қалыптастырып отыр.
Түркістанда жыл басынан бері 124 адамға әлеуметтік көмек көрсетілген
Оңтүстік Қазақстан • Кеше
Тарих • Кеше
Тұрғын үй құрылысы тұраламас үшін...
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қандастардың қатары қалыңдайды
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордада вакцина егудің екінші кезеңі басталады
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда бас санитардың жаңа қаулысы шықты
Елорда • Кеше
Түркі академиясының басшысы Моңғолия елшісімен кездесті
Руханият • Кеше
Президент 4 оқушыны қаққан мас жүргізуші оқиғасын бақылауға алды
Президент • Кеше
Ақмолалықты пышақтаған қарағанды тұрғыны қолға түсті
Аймақтар • Кеше
Қ.Тоқаев шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмыс кездесуіне қатысты
Президент • Кеше
Үйсіз қалған көп балалы отбасына жеке компания баспана сыйлады
Аймақтар • Кеше
«QazCovid-in» вакцинасы сәуір айынан бастап өндіріледі
Медицина • Кеше
Елордада тұрақтағы көлік өртеніп кетті
Аймақтар • Кеше
Өткен жылы жол-көлік апатынан қанша адам зардап шекті
Қазақстан • Кеше
Ақтоты Райымқұлова шығармашыл балалармен кездесті
Қазақстан • Кеше
ҚазҰУ магистранттары жаңа құрылғы ойлап тапты
Технология • Кеше
Технология • Кеше
Торғайда бір апта жоғалған жылқышы атының арқасында аман қалды
Аймақтар • Кеше
Жолда қалған 137 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Елордада тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті
Елорда • Кеше
Қостанайлық қаскүнем гүл сататын дүкенді тонаған
Аймақтар • Кеше
«Shymkent City» жобасына 0,5 трлн теңге инвестиция тартылған
Аймақтар • Кеше
Жыл басынан бері ЭЕБ көмегімен 101 мың адам жұмыс тапты
Қазақстан • Кеше
Себебі белгісіз: Өсек өзенін ақ көбік басты
Аймақтар • Кеше
Шымкентте шетелдік ғалымдардың қатысуымен конференция өтіп жатыр
Аймақтар • Кеше
Елордада су тасқыны кезеңіне дайындық қалай жүріп жатыр
Аймақтар • Кеше
Нидерландта сегіз спортшымыз өнер көрсетеді
Спорт • Кеше
4 облыста қандастарды бейімдеу орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
«Ореn University» кеңсесі мен «Таза қол» мүсіні ашылды
Аймақтар • Кеше
Еңбекшіқазақ ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
«Астана» Ласина Траореге көз тікті
Футбол • Кеше
Алматы тауларында адасқан туристер табылды
Аймақтар • Кеше
Спорт • Кеше
Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру жүргізілуде
Қазақстан • Кеше
Ақтөбе облысы Білім басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қазақстандық армия ұшқышсыз ұшу аппараттарын қарқынды дамытуда
Қазақстан • Кеше
«Шымкент-циркте» аңдарсыз жаңа бағдарлама басталды
Аймақтар • Кеше
Шымкентте демеушілер есебінен 7 спорт алаңшасы салынады
Аймақтар • Кеше
Антикор өткен жылғы құқық бұзушылық фактілерді жариялады
Қазақстан • Кеше
«Adaldyq alańy»: Жобадан жалпыұлттық Қозғалысқа
Қоғам • Кеше
Алматы облысында көлік қаққан оқушы қыздар комада жатыр
Аймақтар • Кеше
«Медеудегі» автотұрақ ақылы болады
Аймақтар • Кеше
Қарағандыда екі айлық қыз бала табылды
Аймақтар • Кеше
Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру қалай жүзеге асуда?
Қазақстан • Кеше
Атырауда 2 мыңға жуық мұғалім вакцина салдырады
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар