Аймақтар • 27 Шілде, 2020
Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен, пандемия кезінде елге көмектесу мақсатында өңірде «Өмір» және «Шипа» жобалары жүзеге асырылуда. Жуырда «Шипа» жобасы бойынша облыстың аудан қалаларындағы 300 мұқтаж отбасына дәрі-дәрмек қорапшасы жіберілді.
Әлем • 27 Шілде, 2020
Марсты зерттеу үшін бірден үш ел өзінің миссиясын ғарышқа аттандырды. Біріккен Араб Әмірліктерінің зымыраны бір апта бұрын өткен жексенбіде, ал Қытайдікі осы бейсенбіде қызыл ғаламшарды бетке алды. Ендігі кезек NASA-да.
Сұхбат • 27 Шілде, 2020
Сын сағатта сағымызды сындырмайық – дейді ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ
Қазіргі таңда ел ішінде «Пандемия жағдайында қасиетті Құрбан айт мейрамы қалай аталып өтілмек, қаупі асқынып, қыспаққа алған індетке қарсы күреске халықты жұмылдыруда, жұртты пандемиядан сақтануға шақыруда Діни басқарма, діни қайраткерлер нендей жұмыстар атқаруда, сондай-ақ кейбір діни рәсімдерді тоқтатуға немесе оларға қатысатын адамдардың санын шектеуге қатысты қабылданып жатқан шешімдер Ислам талаптарына сай келе ме?» деген мазмұндағы сұрақтар жиі қойылуда. Осы орайда, яғни аталған және өзге де сауалдарға жауап алу үшін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен жүргізген әңгімемізді назарларыңызға ұсынғанды жөн көрдік.
Президент • 27 Шілде, 2020
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті ғалым, белгілі қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының бұрынғы президенті, экономика ғылымдарының докторы, профессор Кенжеғали Әбенұлы Сағадиевтің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтып, жеделхат жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 27 Шілде, 2020
Полиция дәрі-дәрмектерді қымбаттатудың 8 фактісін анықтады
Әрине, СҚО аумағында дәрі-дәрмек бағаларын ар-имансыз қымбаттатудың фактілері жоқ, бірақ рұқсат етілген шектен асып, халықтың қысылтаяңға ұрынған шағынан пайда тапқысы келетіндер мұнда да табылып жатыр.