Қазақстан • 30 Тамыз, 2017
Иман жүректің тазалығымен өлшенеді
Кешегі сақ заманынан бүгінгі бақ заманына «мың өліп, мың тіріліп» жеткен халқымыз осы уақыт аралығында жойылып кетуден басқаның бәрін көрді. Біздің бұл сөзімізді тарихшылардың көбі растайды. Тек жер бетінен ада-күде жойылып кетуге тиіс болған халықтың қалай аман қалғанын ғана әлі күнге дейін ешкім нақты түсіндіріп берген емес. Белгілісі ғасыр сайын жан құрбандық беріп жүріп, осы күнге есен жеткеніміз.
Аймақтар • 30 Тамыз, 2017
Оңтүстіктің астаналықтарға жеті керемет тартуы қандай?
Астанада мәдени күндерін 29 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында өткізуге келген Оңтүстік Қазақстан облысы елордалықтар мен қала қонақтарына 40-тан астам іс-шара әзірлепті. Оңтүстік өңірдің мәдениеті мен тарихын, құнды жәдігерлері мен бейнелеу өнерін дәріптейтін бағдарламада ән мен күй де, қолөнер бұйымдарының көрмесі де, ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі де, қайырымдылық акциялар да қамтылған.
Қазақстан • 30 Тамыз, 2017
Астанада СҚО мәдени күндері өтті
Өткен аптада Астанадағы айтулы оқиға – ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Солтүстік Қазақстан облысының мәдени күндері өтті. Аймақтың экономикалық әлеуеті мен тарихи-мәдени жетістігін әйгілейтін бұл шараға 400-ден астам мәдени-әкімшілік қызметкерлері жұмылдырылды. Олардың қатарында: үздік шығармашылық ұжымдар, декоративті-қолданбалы өнер шеберлері, дарынды қолөнершілер және эстрада жұлдыздары бар. Мәдени шараның ашылуы 24 тамыз күні Астана қалалық әкімдігі алдындағы алаңында аймақ туралы деректі фильмнің көрсетілуімен басталып, оның соңы «Есіл өңірінің жұлдыздары» атты мерекелік концертке ұласты...
Қазақстан • 30 Тамыз, 2017
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Егемен Қазақстан» газетіне жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Мен еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары, біртұтас ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатындығымыз және бұқаралық сананы қалай өзгертетіндігіміз туралы көзқарасымды ортаға салуды жөн көрдім» деген болатын.
Қазақстан • 30 Тамыз, 2017
Жаһандық дамуға ілескен бүгінгі қоғам білімділікпен, зиялылықпен сипатталса керек. Өткен ғасыр өркениеттің адамдар бойындағы біліммен қаланатын қабілет пен сапаға толық тәуелді екенін көрсетті. Егер бүгінгі білім беру жүйесінің дағдарысты жағдайын айтар болсақ, ол ең алдымен уақыттың талабы мен шындығына сәйкессіздіктен туындап отыр. Сауатсыздар қатарының өсіп отырғаны, білім сапасының төмендеуі және білім мен мәдениет арасының алшақтауы, білім алушы мен білім берушінің жаңғыру үдерісін жатырқауы көңілге беймазалық тудырады.