Аймақтар • 21 Тамыз, 2019
Құтқарушылар «Қарқара» альпинистер лагерінен шыға алмай отыр - ТЖД
Ауа-райының қоласыздығы алматылық альпинистерді іздеуге кедергі келтіруде. Тауда тағы да қар жауып тұр. Бұл тұралы Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан • 21 Тамыз, 2019
Партия алдына үлкен міндеттер қойылмақ - Айдос Үкібай
Бұл туралы Тұңғыш Президент – Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында жазды.
Аймақтар • 21 Тамыз, 2019
Алматыда Шығыс айналма жолы жылдамдығын сарапшылар талқылады
Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте автомобиль сарапшысы, Тәуелсіз автомобиль одағының (ТАО) төрағасы Эдуард Эдоков ШААЖ мен Әл-Фараби даңғылы бойында жылдамдықтың 80 км/сағат болуы тиіс екенін дәлелдейтін нақтылы мәліметтер келтірді. Спикер барлық ЖКО жол қозғалысы Ережесін сақтамау мен бұзудан (олардың ішінде тек көлік жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілер, велосипедшілер мен самокатшылар және басқалары бар) болатындығын, жылдамдық режимі солардың бір құрамдас бөлігі ғана екенін айтты.
Спорт • 21 Тамыз, 2019
Ришат Хайбуллин олимпиада жолдамасын иеленді
Қазақстандық спортшы Ришат Хайбуллин Жапонияның Хатиодзи қаласында өтіп жатқан спорттық құзға өрмелеуден әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетіп, 2020 жылғы Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды.
Аймақтар • 21 Тамыз, 2019
Алматыда «Бюджетке қатысу» жобасына өтініштер қабылдануда
«Бюджетке қатысу» қанатқақты жобасына өтініштерді қабылдау OpenAlmaty порталы арқылы 19 тамыздан бастап іске қосылды. Өтініштерді қабылдау мерзімі 1 қыркүйекке дейін жалғасады. Жобаларды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін сараптау комиссиясы іріктеп, 20-29 қыркүйек аралығында тұрғындардың дауыс беруі өтеді, онда жеңімпаз жобалар анықталады. Жобаға ұсыныстарды беру тәртібі мен іріктеу критерийлері, сараптау комиссияларының функциялары туралы толық ақпаратты OpenAlmaty қалалық порталында «2019-2020 жылдарға арналған Алматы қаласының «Бюджетке қатысу» қанатқақты жобасын ұйымдастыру бөлімінен қарап, танысуға болады.