Аймақтар • 21 Тамыз, 2019

Алматыда Шығыс айналма жолы жылдамдығын сарапшылар талқылады

541 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте автомобиль сарапшысы, Тәуелсіз автомобиль одағының (ТАО) төрағасы Эдуард Эдоков ШААЖ мен Әл-Фараби даңғылы бойында жылдамдықтың 80 км/сағат болуы тиіс екенін дәлелдейтін нақтылы мәліметтер келтірді. Спикер барлық ЖКО жол қозғалысы Ережесін сақтамау мен бұзудан (олардың ішінде тек көлік жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілер, велосипедшілер мен самокатшылар және басқалары бар) болатындығын, жылдамдық режимі солардың бір құрамдас бөлігі ғана екенін айтты.

Алматыда Шығыс айналма жолы жылдамдығын сарапшылар талқылады

Қаланың Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, «ЖКО статистикасы МКА құрамына енетін магистральда апаттың төмен екенін көрсетті, мысалы Әл-Фараби даңғылында апатты жағдайлар Төле бимен салыстырғанда аз. Тіпті, апаттың неден болғаны да жіті тексерілмейді, көлік жүргізуші мас болып, жол-көлік оқиғасына ұрынса, магистральдегі жылдамдық режимінің оған қандай қатысы бар?! Басқа апаттардың салдары да міне, осында», - деді Э. Эдоков.

Ол өзінің сөзінде мегаполистерде түрлі көше типтері үшін түрлі жылдамдық режимдерінің қолданылатынын әлемдік тәжірибенің көрсетіп отырғанын айтты. Мәселен:- жергілікті жолдарда (мектептерге, ауруханаларға, магазиндерге жақын орналасқан тұрғын үйлер бар Төлебаев, Жамбыл, Бөгенбай батыр және басқа көшелерде) – жылдамдық 40 км/сағат;- магистральды жолдарда (Төле би, Абай, Сәтпаев, Сейфуллин, Назарбаев, Розыбакиев және басқалары) – 60 км/сағатқа дейін; - қалалық магистральдерде (көпжолақты, бағдаршамсыз, бұрылыссыз) – кіші көлік айналымы (Рысқұлов, Райымбек, Сайын, Әл-Фараби, ШААЖ) – 90 км/сағатқа дейін.

Сарапшы үлкен қалаларда айналмалы көлік магистральдарының орталық көшелердегі жүктемені азайту және қаланың бір шетінен екіншісіне жылдам жету, транзитті трафикті қайта бағыттау үшін қажет екенін баса көрсетті. МКА сол үшін құрылған болатын. «Жаяу жүргіншілер үшін жылдамдығы жоғары көлік магистральдері қауіпті, сондықтан оларға шектеу қойылады, айтпақшы VisionZero принциптерінің бірі осыған негізделген, яғни жаяу жүргінші жылдамдығы жоғары жолдарды кесіп өтпеулері тиіс», - деді автосарапшы.

Алматының кіші көлік айналымы – бұл Әл-Фараби даңғылын, Сайын көшесін, Рысқұлов даңғылын, Құлжа трактін, Шығыс айналма жолын қамтитын бөлік, 2011 жылы соңғысы іске қосылған соң шектелді. Кіші көлік айналымының жалпы ұзындығы - 39,2 км. Әр учаскедегі автожолдар ені түрлі учаскелерде 4-тен 6 жолаққа дейін. Қаланың 8 ауданының 6-ын қамтиды.

Қыркүйек айында қауіпсіздік аралдары пайда болады

Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Рахман Алшанов пен ЖПҚ бастығы Төрехан Исиннің қатысуымен Алматы қаласының жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өлімді азайтудың қосымша шаралары туралы брифинг өткізген болатын.

Полиция департаментінің (бұдан әрі – ЖП) мәліметі бойынша соңғы жеті айда Алматы қаласының аумағында жол-көлік оқиғаларында (ЖКО) қаза болғандардың саны 73-тен 83 адамға дейін (өсім 13,7%) көбейген. Қала аумағындағы апаттық учаскелердің бірі – Алатау ауданының аумағы болып табылады. Атап айтқанда, Саин (4), Момышұлы (5), Солтүстік айналым (3), Жанқожа батыр (2) көшелері.

Талдау нәтижелері бойынша өлім-жітімнің негізгі себептері ретінде сарапшылар  көшелердің жарықтандырылмауы, бағдаршамдар мен жаяу жүргіншілер өтпелінің аз болуы, көлік жылдамдығын төмендету үшін жасанды кедір-бұдыр элементтерінің көптігі, қозғалыс қауіпсіздігін бақылайтын бейнекамералардың жеткіліксіздігі сияқты олқылықтарды анықтаған.

Осындай кемшіліктерге байланысты қала әкімдігі полиция департаментімен бірлесе отырып  жыл соңына дейін 208 көшеге жарық орнату жоспарлануда. жаяу жүргіншілер өтетін жетпіскей өткелге жарық қою, криминогендік және апатты учаскелерді жарықтандыру мәселесін шешуді жолға қойды. 2020 жылдың соңына дейін қаланың барлық аулалары мен көшелеріне жарық орнату жоспарланып, қала бойынша «Сергек» бейнекамераларын орнату жұмыстарына баса назар аударып отыр. Яғни, қосымша 707 бекет орнатылса, жол-көлік оқиғаларына аса бейім 72 учаске қайта құрылатын болады. Бұрылу радиусы қысқартылып, тротуарлар саны мен пандустарды көбейту, сондай-ақ, статистика бойынша жол-көлік оқиғасын 46 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік беретін 50 учаскеде қыркүйек айында қауіпсіздік аралдары пайда болады деп жоспарланды. Ал реттелмейтін қиылыстарда қосымша 7 бағдаршам орнату, 12-ге жуық реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткеліне (мектеп маңы) LED-жарықтандыру жұмыстары аяқталуға жақын. Сондай-ақ, реттелмейтін 3 жаяу жүргіншілер өткеліне СИ-5 тіректеріндегі белгілермен жабдықтау бойынша жұмыстар аяқталуда. Сондай-ақ көлік құралдарының жылдамдығын мәжбүрлеп төмендету үшін жасанды кедір-бұдырлықтың санын арттыру, мектеп маңындағы және адамдар көп жиналатын жерлерде реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдерін орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 

АЛМАТЫ