Қазақстан • 21 Тамыз, 2018
Жаңа заң – зайырлы елдің мүддесіне
Ислам тарихында мұсылмандар мен мүшріктер арасында бейбітшілік орнату мақсатында «Худайбия» келісімі атты айтулы дерек бар. Қос тарап бейбіт келісім аясында 10 жылға дейін бір-бірінің керуенін тонамауға, қиянат жасамауға, соғыспауға серттеседі.
Біреулер өмірді қарғап-сілеп жатады. Оның әділетсіз екендігін айтады. Рас-ау дейсің кейде. Егер өмір әділ болса, неге адам баласы әртүрлі? Біреу – бай, біреу – кедей. Біреу – сұлу, біреу – көріксіз. Біреу – ауру, біреу – сау. Расында да өмір дегенің күн мен түн, ыстық пен суық секілді қарама-қайшылықтардың ортасы екен ғой.
Қазақстан • 21 Тамыз, 2018
90 үй салып, туған ауылын түлеткен
Әсілі тамыз – шаруаның айы ғой, ауыл адамының қауырт жұмыстан қолы қалт ететін сәті сирек. Нағыз науқан. Қырдағы малдың қыстық жем-шөбін жеткілікті қамдауға алқаптағы егістің жиын-теріні қабаттасса, қала берді тұрғындардың қыстық отын-суының жайы да ел ағасына маза бермесе керек.
Аймақтар • 21 Тамыз, 2018
Қаратөбенің қайырымды тұрғындары
Жақында Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданы құрылғанына 90 жыл толуын дүркіретіп атап өтті. Қазақстанда кеңес өкіметі күшіне кіріп, ірі байларды кәмпескелеп, мал-мүлкін сыпырып алған 1928 жылы жаңадан аудан-ауылдар құрылып, әкімшілік бөліністер пайда болған екен. Басы қатты болған осынау өзгерістерге де ғасырға таяу уақыт өтіп, бүгінгі жүйеге ел үйренді. Бұл да тарихқа айналды.
Қазақстан • 21 Тамыз, 2018
Жанар-жағармай жыры: шаруалар неге наразы?
Күзгі орақ науқаны басталған шақта егінін шашау шығармай орып алуды армандайтын диқандардың көңіліндегі күмән-күдік тарқайтын емес. Оған себеп, соңғы екі жылдан бері елдегі дизель бағасының шарықтап, 170 процентке қымбаттағаны. Мұнай өңдеу зауытындағы дизельдік отынның литрі 150 теңге тұрады. Осы бағаға литріне 5 теңгеден шығатын тасымалдау құны, 4 теңге шамасындағы мұнай базаларында сақтау шығыны және әр литріне 2 теңге көлемінде маржа қосылады. Осылайша, орташа баға 161 теңгеге жеткен. Бұл шаруаларға арзандатылып берілетін жанармайдың өзі 2016 жылмен салыстырғанда 70 процентке қымбаттағанын көрсетеді. Бүгінде жанармай құю стансаларында бір литр дизель отынының құны 185-187 теңгені құрап, баға мемлекеттік бақылаудан шығарылғаннан кейін 26 теңгеге өсті.