Мәдениет • 22 Тамыз, 2024
Тәжікстанда Қазақстанның мәдени күндері өтеді
Бүгін Хатлон облысының әкімшілік орталығы – Бохтар қаласында Қазақстаннан келген қонақтар делегациясын ерекше ықыласпен қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz Ховар агенттігіне сілтеме жасап.
Туризм • 22 Тамыз, 2024
Қоршаған ортаның тазалығын бақылайды
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының негізінде қоғамдық эко-бақылау бойынша республикалық іс-шара басталды. Бір ай бойы жүргізілетін акцияға 1,5 мыңнан аса адам қатысып, 300 мониторингтік іс-шараны жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 22 Тамыз, 2024
Жіпсіз байланып, жіксіз біріккен
Астындағы атында алты жасар баланың ақылы бар халықпыз. Оның үстіне бозбалалары үйірген асығын алшы қылған, үйір жылқы айдап, қабыланның құйрығын қамшы қылған қазақтың даласында «төбел бие сойдырып, төменгі елді, жорға бие сойдырып жоғарғы елді шақырған» ұлы дүбір тойдың басталуына да санаулы күн қалды. Той деп отырғанымыз – 8-14 қыркүйек аралығында Астана қаласында өтетін V Дүниежүзілік көшпелілер ойындары. Ондағы 21 ойын түрінің 10-ы қазақтың ұлттық спортына жатады екен.
Аймақтар • 22 Тамыз, 2024
Мердігерлер істі мандытпай тұр
Өнер өлкесі саналатын Кеген ауданынан талай саңлақ түлеп ұшты. Өңірдің мәдениет саласын өркендетуде өзіндік қолтаңбасы қалған өнер майталмандарын санамаласақ, саусақ жетпесі анық. Көш басынан көрінетін Кеген халық театры 1968 жылы құрылып, содан бері М.Әуезовтің «Қарагөз», «Еңлік-Кебек» драмаларын қойып, «халық театры» атағын алған, республикалық, халықаралық байқауларда талай мәрте топ жарған. Мәдениеттен мән кеткен сонау қиын-қыстау шақта штат санын сақтап қалған театр ұжымында осы күні 15 адам қызмет етеді. Оған қоса «Ереуіл» фольклорлық ансамблінің де шығармашалық шыңы биік.
Руханият • 22 Тамыз, 2024
Алаш қайраткері Жүсіпбек Аймауытұлының туғанына биыл 135 жыл толып отыр. Тұлғаның мерейтойына орай Жүсекең негізін салған тарихи мекен – Баянауылдағы «Мәдени кіндік» рухани тәрбие және білім беру кешеніне белгітас орнатылды.