Елорда • 18 Тамыз, 2023
Астанада қоғамдық демалыс орындары көбейе бастады. Осы орайда Мәжіліс депутаттары жуырда Байқоңыр ауданында бой көтерген «Журналистер аллеясының» жай-күйімен танысты. Жасыл желегі жайқалған алаңның ерекшелігі – мұндағы құрылыс нысандары отандық өндірістен шыққан.
Үкімет • 18 Тамыз, 2023
Сенат депутаты Сүйіндік Алдашев Маңғыстау облысына барып, бірқатар нысанның жұмысымен танысты. Сондай-ақ өңір тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады.
Аймақтар • 18 Тамыз, 2023
Сарыарқаның алтын қақпасы атанған, Арқа мен Жетісудың арасын жалғап жатқан Сарышаған кентіне 70 жыл толды. Ынтымағы жарасқан, ырыс-берекесі тасыған ауыл халқы мерейлі жылды торқалы той өткізіп атап өтті. Бұл тойда елге шарапаты тиетін игілікті іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтсақ, ауылдың ең биік жотасынан сәні келіскен саябақ ашылды. Ауыл жастарына арналған волейбол мен баскетбол алаңы бой көтерді. Теміржол вокзалындағы жаңадан ашылған мұражайда жолаушылар түрлі жәдігерлермен таныса алады. Мешіт жанындағы діни сауат ашу орталығы мен асхана ауылға жанашыр азаматтардың атсалысуымен салынып отыр.
Шаруашылық • 18 Тамыз, 2023
Кейінгі жылдары ауыл шаруашылығы құрылымдарын қуаңшылық қажытып тұр. Көкше өңірінде биыл да күн ересен ыстық. Көнекөз қариялардың айтуына қарағанда, дәл мұндай аптап кейінгі жарты ғасырда бола қоймаған сыңайлы.
Президент • 18 Тамыз, 2023
Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапарымен барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.