Экономика • 25 Тамыз, 2021
Миллиондаған шығынға батқан алматылық кәсіпкерлер жұмыс істеуге рұқсат сұрайды
Базарлар мен сауда үйлерінің өкілдері қатаң шектеусіз және локдаунсыз жұмыс істегісі келеді. Алматылық кәсіпкерлердің айтуынша, шектеусіз жұмыс істеу оларға мемлекет алдындағы міндеттемелерін орындауға мүмкіндік береді.
Саясат • 25 Тамыз, 2021
Айтылған ұсыныстар қараусыз қалмайды
Сенаторлар Мұрат Бақтиярұлы және Ақмарал Әлназарова жұмыс сапарымен Қызылорда облысының Жаңақорған және Шиелі аудандарында болды. Іс-сапар барысында олар аудандардың тыныс тіршілігімен, жергілікті шаруа қожалықтарын және құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандарды аралап көрді. Сенаторлар, аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң нәтижелер бар екеніне тоқталып және осы мақсатта бірқатар жұмыс атқарылып жатқанын атап өтті.
Спорт • 24 Тамыз, 2021
Софья БЕРУЛЬЦЕВА: Алтын ала алмағаным үшін өзегім өртенеді
Каратэден Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцеваның төрт тілде сөйлей алатынын Күншығыс елінде жүлде алғанында бір-ақ білдік. «Egemen Qazaqstan» газетіне арнайы қазақ тілінде сұхбат берген Софья Олимпиаданың биік тұғыры қолсозым жерде тұрғанда, елімізге алтын медаль алып бере алмағынына өкінгенін айтты.
Үкімет • 24 Тамыз, 2021
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиялық жағдай туралы, Қазақстанның 2022-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобалары, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022-2024 жылдарға арналған нысаналы трансферт бөлу туралы» Президент Жарлығының жобасы және Ұлттық халық санағына дайындық барысы туралы мәселелер қаралды.
Білім • 24 Тамыз, 2021
«Мектепке жол»: Оқушылар оқу жылына дайын ба?
Бүгінде балпаң басып өсетін бала да бар, жалтаң қағып өсетін жеткіншек те жоқ емес. Өйткені нарықтық қоғамда өмір сүреміз. Бірімізде бар, бірімізде жоқ...