Елорда • 24 Тамыз, 2020
Алтай Көлгінов азаматтарды онлайн қабылдады
Елорда тұрғындарымен кездесулер азаматтармен кері байланысты күшейтуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 24 Тамыз, 2020
Шымкент қаласы дін істері басқармасының басшысы тағайындалды
Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Тұяқбаев Әлжан Әлішерұлы қалалық Дін істері басқармасының басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 24 Тамыз, 2020
"Нұр-Сұлтан қаласының құрметті педагогі" медалінің иегерлеріне 830 мың теңгеден төленеді
Биыл елордалық мұғалімдер алғаш рет "Нұр-Сұлтан қаласының құрметті педагогі" медалімен марапатталады. Медаль иелеріне 830 мың теңгеден (300 АЕК) төленеді. Бұл туралы онлайн өткен "Тамыз" кеңесінде елорда әкімі Алтай Көлгінов хабарлады.
Білім • 24 Тамыз, 2020
Нұр-Сұлтанда аз қамтылған оқушыларға әлеуметтік көмек мөлшері көбейтілді
Нұр-Сұлтанда жаңа оқу жылы қарсаңында аз қамтылған отбасынан шыққан әрбір оқушы мектеп құралдарын сатып алу үшін 40 мың теңгеден алады. Жалпы білім беру қоры аясында 17 мың балаға көмек көрсетіледі. Өткен жылмен салыстырғанда 4 мың 300 бала артық қамтылатын болады. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов "Тамыз" кеңесінің онлайн отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 24 Тамыз, 2020
Петропавлда күн сайын қоғамдық тәртіпті бақылауға 270 полицей мен әскери қызметшілер шығады
Петропавл қаласының аумағында қоғамдық тәртіпті сақтауға және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге күн сайын 270 полиция қызметкері шығады, олардың 151-і - Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілері, ал 119-ы полиция қызметкерлері. Ағымдағы жылдың 7 айында облыс бойынша полицияның кешенді күштері 2300-ден астам, оның ішінде 1417-і облыс орталығындағы қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға қатысты, - деп хабарлайды Egemen.kz.