“Азаматтарды онлайн қабылдау апта сайын жүргізіледі. Бұл "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясында кері байланысты күшейтуге және қала тұрғындарына айтарлықтай қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Тұрғындар түрлі мәселелерді көтереді, оларды жүзеге асыру үшін біз жұмыс істеп жатырмыз. Қала шетінде жылы аялдамалар орнату, жолдарды асфальттау, жарықтандыру, кәріз жүргізу, әлеуметтік нысандар салу, аула аумақтарын абаттандыру және т. б.
Жаңа оқу жылының басталуын ескере отырып, білім беру мәселелері де қаралады. Биыл қамтылған балалар санымен бірге мектеп құралдарын сатып алуға бөлінетін қаражат 40 мың теңгеге дейін өсті. Бұл қаражат аз қамтылған отбасыдағы әр бала алады. Мысалы, отбасында төрт бала болса, жалпы 160 мың теңге беріледі. Басқа да бірқатар қолдау шаралары бар.
Бұған дейін азаматтарды қабылдау үшін қала тұрғындарының электронды карталарының жүйесі әзірленіп, іске қосылған болатын. Сандық жүйе арқылы тұрғындар көтерген мәселелердің орындау мәртебесін көріп, бақылауға болады”, - деп жазды А. Көлгінов.
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.