Туризм • 21 Тамыз, 2024
Гастротуризмнің болашағы қандай?
Кез келген елдің өзіне тән бірегей тағамы – туризмді дамытудың елеулі тетігі. Дәмі тіл үйірген таңсық ас үшін саяхатшылар жаһанның кез келген түкпіріне баруға кет әрі емес. Сондықтан да биыл әлемдік сарапшылар «Almaty Crossroads» конференциясында қазақ гастротуризмінің келешегін талқылады.
Зерде • 21 Тамыз, 2024
Тілдің пайда болу, даму жолы үдерісін танып, зерттеп-зерделеуде сөздіктер мен түсіндірме сөздіктер басты құрал болады. Сондай-ақ тіл ұлт-ұлыстың қауымдық ортақ психологиясын қалыптастырады. Қысқасы, тіл ұлт үшін ортақ діл іспеттес. Осы қағиданы берік ұстанған Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари, Ахмет Ясауи сынды ғұламалар шығармаларын түркі тілінде жазып, түркі тілін жаңа белеске көтерді.
Руханият • 21 Тамыз, 2024
Шанин театрының тарихын қайта зерттеу қажет
Үшінші мегаполистегі Ж.Шанин атындағы қазақ академиялық драма театрының және қалалық орыс драма театрының негізі қаланғанына биыл 95 жыл толды. Соңғысы бұл датаны, яғни 95 жылдықты атап өтуге әзірлік үстінде. Ал қазақ академиялық драма театры әрі-сәрі күйде. Неге?
Айбын • 21 Тамыз, 2024
Әлемдегі ең ірі құрлықішілік су айдыны саналатын Каспий теңізі – геосаяси тұрғыдан аса маңызды стратегиялық аймақ. Оның жағалауында бес мемлекеттің әскери-теңіз күштері орналасқан. Соның ішінде біздің елдің де Әскери-теңіз күштері Каспий айдынында теңдессіз үздік саналады.
Сұхбат • 21 Тамыз, 2024
Бекжан ӘБДУӘЛИҰЛЫ: Ономастика – елдігіміздің айғағы
Ономастика – барлық жалқы есімнің тілдік және танымдық сипатын анықтап, тарихын түгендеп, болашағын болжайтын сала. Президент Ұлттық құрылтайда бұл саланың мемлекеттік деңгейдегі маңыздылығын атап өтіп, жер-су атауларын ұлттық биіктен зерттеу керектігін ескерткен болатын. Қазір бұл ғылым елімізде қарқынды дамып келеді. Түйткілді түйіндер мен маңызды мәселелер қазақ ономастикасында жетерлік. Филология ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Бекжан ӘБДУӘЛИҰЛЫ уақыт талабына сай туындап отырған ономастиканың үш бөліміне тиісті назар аударылмай отырғанын айтады. Олар: қалаішілік атаулар, далалық аймақтардағы географиялық нысандардың атаулары, шекара сыртындағы қазақ жер-су атауларының мәселесі.