Ұшса құстың қанаты, жүгірсе аңның тұяғы талатын Қазақстанның ұлан-байтақ аумағы қаншама тылсым сырларды ішке бүгіп, жұмбақ күйде қалып отыр десеңші! Ата-бабаларымыз аманаттап кеткен Ұлы Даланың мыңжылдық рухани өркениеті, ғажап тарихи-мәдени құндылықтары төрткүл дүниені тамсандырып отырғанда ескіліктің ерекше ескерткіштерін ескермеуіміз бәріміз үшін кешірілмес күнә болар еді. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында таяу жылдарда атқарылатын міндеттердің ішінде «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобаларын жүзеге асыруға айрықша көңіл бөлінуі бекер емес.
Аймақтар • 16 Тамыз, 2017
Партиялық жобалар – басты назарда
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының саяси кеңесі бюросының отырысында саяси ұйымның сайлауалды тұғырнамасының орындалу барысы қаралып, депутаттық комиссия жетекшілерінің есептері тыңдалды.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы жүктеген міндеттер аясында «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалының бастамасымен «Қарой – Шейітсай – Қарой» автоэкспедициясы ұйымдастырылды.
Футбол • 16 Тамыз, 2017
Брендан Роджерс: «Селтик» ертеңгі ойынға дайын емес
«Селтик» - «Астана» матчы қарсаңындағы баспасөз мәслихатында шотландиялық клубтың бас жаттықтырушысы Брендан Роджерс ертеңгі ойын туралы пікірін айтты.
Медицина • 16 Тамыз, 2017
Өркениетке бастайтын өміршең бағыт
Қазіргі әлемдік деңгейдегі мәдениеттер арасындағы өзара бәсекелестік айқын көрініс беріп отырған заманда кез келген қауымдастық үшін өзінің ұлттық болмысын барынша рухани жаңғыртып, ұлттық қауіпсіздігін кешенді түрде қамтамасыз ету маңызды. Әлемде кейбір қауымдастықтар осы бағытта өнімді белсенділік танытып, өркендеп жатқанын да байқаймыз. Мәселен, Жапония және Қытай сияқты елдер әлемдік интеграциялану заманында өздерінің ұлттық келбетін жоғалтпай отыр.