Қоғам • 13 Тамыз, 2016
Қолымызда қазақтың белгілі ақыны Шөмішбай Сариевтің «Поэзия патшасы – лирика» атты кітабы. Кітапты парақтап оқып байқағанымыздағы алған бірінші әсеріміз – шеберлік шыңына көтерілген ақынның өрелі биігі мен еңселі тұлғасы кез келген шығармадан көрінетіні. Бар өмірін әдебиетке, поэзияға, лирикаға арнап келе жатқан ақын шығармашылығында бұндай сипаттың болуы, әрине, кездейсоқтық емес.