Аймақтар • 16 Тамыз, 2018
Қуат Тумабаев Өскемен әкімі қызметінен кетті
Қуат Тумабаев өз еркімен Өскемен әкімі қызметінен кетті, - деп хабарлайды ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 16 Тамыз, 2018
«Туған жерге тағзым» жобасы аясында 126 іс-шара атқарылды
«Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің жетекшісі Жанар Таласбаева берген деректерге қарағанда, «Туған жерге тағзым», «Атамекен», «Жомарт жүрек», «Қазақстанның киелі жерлері», «Тәрбие және білім» кіші бағдарламалары, «Әлеуметтік бастамалар картасы» бойынша атқарылған жұмыстар ауыз толтырып айтарлықтай екен. «Туған жерге тағзым» жобасы аясында ғана 126 іс-шара атқарылып, қолы ашық жандар 1,3 миллиард теңгеге демеушілік көрсеткен.
Зарема ШӘУКЕНОВА: Каспий теңізі айрықша мәртебеге ие болды
Каспий теңізінің мәртебесі туралы конвенция − дипломаттардың, саясаткерлердің, сарапшылардың ұзақмерзімді жұмысының нәтижесі. Әртүрлі форматтағы талқылаулар 20 жылдан астам уақыт жүрді. Соңғы 16 жылдағы саммиттер Ашхабад, Тегеран, Баку, Астраханьда өтті, ал Ақтауда мәселенің шешімін табуы мәні жағынан даусыз тарихи маңызды оқиғаға айналды. 12 тамызда Каспий маңы мемлекеттерінің басшылары тарихи Конвенцияға қол қойды және осы арқылы Каспий теңізінің су айдынында жаңа қауіпсіздік кеңістігін қалыптастырудың іргетасын қалады.
Әлем • 16 Тамыз, 2018
БҰҰ Бас хатшысы Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойылуын құптайды
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойылуын құптайды. Бұл туралы мәлімдемені Біріккен Ұлттар Ұйымының хатшылығы таратты.