![БҰҰ Бас хатшысы Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойылуын құптайды](/article_photo/1534399571_article_b.jpeg)
«Бұл тарихи құжат халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аса маңызды болып табылатын өңірлік ынтымақтастықтың маңыздылығын көрсетеді», деп айтылған хабарламада.
БҰҰ Бас хатшысы Конвенцияның Каспий теңізі жағалауы елдері арасындағы ұзақмерзімді проблемалардың кең ауқымын реттеуі тиіс және құжаттың қабылдануы өңірлік шиеленісті азайтуда маңызды қадам болып табылады деп санайды.
Антониу Гутерриш, сондай-ақ Конвенцияға қол қойған барлық елдерді өңірлік ынтымақтастық пен көпжақты дипломатияның ерекше мәні бар жетістіктерімен құттықтады.
«Егемен-ақпарат»