16 Тамыз, 2018

Зарема ШӘУКЕНОВА: Каспий теңізі айрықша мәртебеге ие болды

69 реткөрсетілді

Каспий теңізінің мәртебесі туралы конвенция − дипломаттардың, саясаткерлердің, сарапшылардың ұзақмерзімді жұмысының нәтижесі. Әртүрлі форматтағы талқылаулар 20 жылдан астам уақыт жүрді. Соңғы 16 жылдағы саммиттер Ашхабад, Тегеран, Баку, Астраханьда өтті, ал Ақтауда мәселенің шешімін табуы мәні жағынан даусыз тарихи маңызды оқиғаға айналды. 12 тамызда Каспий маңы мемлекеттерінің басшылары тарихи Конвенцияға қол қойды және осы арқылы Каспий теңізінің су айдынында жаңа қауіпсіздік кеңістігін қалыптастырудың іргетасын қалады.

Мемлекеттер басшылары бір­қатар маңызды аспектілер бойынша келісімге келді. Атап айтқанда, аймақтық сулардың 15 мильдік аймағы, ені 10 миль болатын балық аулау аймағы мен жалпы кеңістігі айқындалды. Каспий маңы елдері өз аумақтарында жер қойнауын пайдалануды жүзеге асыра алады. Каспий теңізі түбімен мұнай құбырларын тарту ісі қоршаған ортаны қорғау талаптарына сай жүргізіледі. Каспий теңізінің су бетінің негізгі бөлігі тараптардың ортақ пайдала­нуында қалады, ал түбі және жер қойнауы халықаралық құқық негізінде көрші мемлекеттер мен олардың арасындағы келісім бо­йын­ша жер учаскелеріне бөліне­ді. Каспий теңізіндегі шекара сы­зық­тарын анықтау әдісінің мәсе­лесі Конвенция аясынан тыс қа­ралады. Ең бастысы, су қойма­сының мәртебесі туралы түбе­гейлі мәселе бойынша саяси ше­шімге қол жеткізілді.

Бір айта кетерлігі, Каспий те­ңі­зі айрықша мәртебеге ие бол­ды және оған 1982 жылғы ашық теңіздер мен мұхит туралы Теңіз құқығы конвенциясының ере­желері қолданылмайды. Яғни Кас­пий теңізі – ішкі көл ретінде таны­лып, бес мемлекеттің аумағы болып саналады. Тиісінше, конвен­цияда Каспий теңізіне өңірден тыс державалардың қарулы күш­терінің келуін болдырмау туралы ереже бекітілген.

Каспийдің осындай аймақ­ара­лық мәртебесін жүзеге асыруға бай­ланысты мәселелерді шешу үде­рісін әрі қарай жылжыту мақ­сатында сараптамалық және саяси платформалар базасы құрылуда.

Бұл – Сыртқы істер минис­тр­ліктерінің бастамасымен Каспий маңы мемлекеттерінің сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары – уәкілетті өкілдерінің деңгейінде бесжақты тұрақты консультациялардың механизмі. Осылайша хаттамалық ас­пек­тілердің басым бөлігін іске асы­руға байланысты жоғары деңгейдегі келіссөздер процесі осыған жауапты вице-министрлер арасындағы өзара іс-қимыл орын алатын практикалық дең­гейге аударылады. Яғни прак­тикалық, ведомствоаралық дең­гейге көшірілген соң жұмыс күшейтілетін болады. Келісімге сәйкес алғашқы консультациялар Конвенцияға қол қойылған күннен бастап алты ай ішінде, 2019 жылдың ақпанынан кешік­тіріл­мей өткізіледі. Каспий маңы мем­лекеттерінің басшылары өз ведомстволарына тікелей бастап­қы қадамды қалыптастыру әдісте­месіне қатысты келісім жобасын әзірлеу мен үйлестіру шараларын бастау туралы тапсырма берді.

Осы тұжырымдамалық келі­сімдер бойынша қазіргі уақытта толық көлемде іске асырылмай жатқан Каспий теңізінің тран­зиттік әлеуетін пайдалану мүм­кіндігі туындайды.

Каспий саммиті қарсаңында, 11 тамыз күні Құрық мультимо­дальды портының ашылуы өтті, бұл «Бір белдеу – бір жол» жобасы аясындағы Қытайдың Ляньюнган қаласынан Қазақстан шекарасына дейінгі құрлықтық бағытының батыс нүктесі болып саналады.

Қазақстан «Батыс Еуропа − Батыс Қытай» жобасы бойынша Ресей мен Қытай арасындағы 2 мың шақырымнан астам авто­кө­лік жолын, сондай-ақ Қорғас жаңа терминалын салды. Енді Қазақ­стан арқылы салынған жолдар мен бағыттардың инфрақұрылымы батысқа қарай жетіп отыр.

Әзербайжан президенті саммитте көлік қозғалысының толық интеграциясын қамтамасыз ететін Алият портын ашатындықтарын жариялады. Осылайша Ақтау саммитінде сауда-экономикалық ынтымақтастық және көлік саласы бойынша тағы екі келісім қабылданды. Олар жағалаудағы мемлекеттердің өнеркәсіп, сауда, энергетика, көлік және логистика, инновация, туризм, ақпараттық және басқа да салалардағы өзара іс-қимылын одан әрі нығайтуға және дамытуға үлес қосады.

Барлық келісімдердің маңызды бөлігі – Каспийдің оңтүстік су айдынын дамыту. Сондықтан да келесі жылы біздің оңтүстік көр­шіміз Түрікменстанның бірінші Каспий экономикалық форумын өткізуі де кездейсоқтық емес.

Каспий аймағы үшін барлық елдер теңдестірілген түрде дамуы өте маңызды, бұл әсіресе қа­уіпсіздік мәселелерімен тікелей байланысты. Каспий Таяу Шы­ғыс пен Ауғанстан арасында ор­на­ласқан. Осыған байланысты Ақ­тау саммиті де Сириядағы қақ­тығыс тақырыбын және Орта­лық Азия мен Кавказдағы қауіп­сіздік жүйесін қалыптастыру мә­селелерін айналып өтпеді.

Сондықтан да қауіпсіздік тақы­рыбы Ақтауда мемлекеттер бас­шыларының кездесуі барысында жеке қаралды.

Саммитте теңіздегі әскери салаға қатысты Каспий теңізіндегі сенім шараларын даярлау мен қабылдау тапсырылып, терроризмге, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес саласындағы ын­ты­мақтастық туралы, Кас­пий теңі­зіндегі қауіпсіздік сала­сын­дағы ынтымақтастық туралы 2010 жыл­дың 18 қарашасында қол қойыл­ған келісімге қосымша шека­ралық ведомстволардың арасын­дағы ынтымақтастық туралы хат­тамаға қол қойылды.

Теңіз айлағындағы барлық бес мемлекет теңіз қауіпсіздігін қам­тамасыз ету және оның ресурс­тарын басқару бойынша жауап­ты­лықты мойындарына алды.

Саммитте жүк тасымалдау, ба­­лық аулау, ғылыми зерттеулер жүргізу және магистральды құ­­быр­ларды төсеу тараптармен келі­сіл­ген ережелерге сәйкес жүзе­ге асырылуы тиіс екендігі нақты­­ланды.

Өткен саммиттің жеке аспек­тісі ретінде экологиялық мәселе қаралды. Атап айтқанда, Қазақ­стан мен Түрікменстан президент­терінің кездесуінде Арал теңізін құтқару мәселесі қозғалды. Кас­пий теңізі де Арал теңізінің тағ­дырын қайталамауы үшін, оны қызғыштай қорғау керек.

Ірі теңіз жобаларын іске асыру кезінде экологиялық фактор­ды ескеру керек, Каспий теңізі­нің экологиялық жүйесінің зақым­дануына барлық тараптар жа­уапты болып саналады.

Осылайша саммитте президенттер қозғаған мәселелердің күн тәртібі жан-жақты болғанын атап өткен жөн. Сонымен бірге Каспий теңізінің ареалындағы стратегиялық маңызы бар ай­мақ­тың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету маңызды мәселе болып қала береді.

Зарема ШӘУКЕНОВА, 

Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Еділ мен Жайық суы араласты

Аймақтар • Бүгін, 10:04

Ұқсас жаңалықтар