Аймақтар • 15 Тамыз, 2023
Табиғи апат салдарымен күрес жалғасып жатыр
Жетісуда нөсерлеп құйған жауын-шашынның салдарынан бірнеше елді мекенді ағын су басып, тұрғындар әбігерге түсті. Қуанышқа орай, қаза тапқандар жоқ, жауапты мамандар жанталаса жұртты қауіпсіз жерге көшірді. Жедел штаб құрып, облыс әкімі Бейбіт Исабаев арнайы жиын өткізді. Қазір, табиғи апат сейілгенімен, жетісулықтарға әлі де сақ болған жөн.
Сенат • 15 Тамыз, 2023
Билік тармақтары мен оның барлық деңгейінің бірлескен жұмысы тиімді заңдар қабылдаудың кепілі және оларды орындау елдің одан әрі дамуына ықпал етеді. Сенатор Бекболат Орынбеков бұл жөнінде Жамбыл облысы Жуалы ауданының тұрғындарымен кездесуде айтты.
Ауыл • 15 Тамыз, 2023
Ауылды өркендетуге арналған агрофестиваль
Батыс Қазақстан облысында «Agrofest Batys-2023» атты егінжай күні мерекесі өтті. Бәйтерек ауданының Сұлукөл ауылы маңында өткен іс-шараға еліміздің әр өңірінен және Ресей, Қырғызстан, Өзбекстаннан 500-дей қонақ қатысты.
Экономика • 15 Тамыз, 2023
Халықаралық энергетикалық агенттіктің (ХЭА) «Мұнай 2023» деп аталатын ортамерзімді есебіне сүйенсек, мұнайға деген әлемдік сұраныстың өсімі 2028 жылға таман толықтай тоқтайды. Басында тежелген Қытайдағы мұнайды тұтыну көрсеткіші қайта қалпына келгеннен кейін тағы біршама баяулайтын сыңайы бар. Агенттіктің болжауынша, қазіргі нарықтық және саяси жағдайлар барысында мұнайға сұраныс 2022 жылдан бастап 6 пайызға өсіп, 2028 жылы тәулігіне 105,7 млн баррельге дейін жетпек. Бұған мұнай-химия және авиация секторы елеулі үлес қоспақ.
Экономика • 15 Тамыз, 2023
Экономиканың өркендеуіне, тұрғындар тұрмысының жақсаруына ықпал ететін бірнеше сала бар. Әсіресе құрылыс индустриясының алар орны айрықша екені даусыз. Ал құрыш қолды құрылысшылардың қолтаңбасы шаһарларға сән берген сәулетті тұрғын үйлер мен мәдени, әлеуметтік мақсаттағы нысандардан анық байқалады.