Руханият • 16 Тамыз, 2019
«Ел үміті» және «Қамқорлық» жобалары дарынды жастарды қолдауға бағытталады
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес жас таланттар мен көшбасшыларды қолдау мақсатындағы «Ел үміті» атты жаңа бастамасын бастады. Жуырда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш Президент қорының атқарушы директоры Әсет Исекешевпен кездесу барысында «Ел үміті» және «Қамқорлық» бастамалары бойынша арнайы тапсырмалар берген болатын. – Қор бірқатар іс-шараны жүзеге асыру үшін тиісті жұмыс жүргізіп келеді. Біз талантты жастарды және дамуында ерекшелігі бар балаларды қолдауға бағытталған «Ел үміті» және «Қамқорлық» атты жаңа екі жобаны іске асыруды бастаймыз. Талантты жастарымыз ел ішінде және шетелде білім алуы үшін оларға көмектесуіміз керек. Бұл – өте пайдалы әрі қажетті жұмыс. Жалпы Қордың осы бағыттағы жұмысын жандандыру керек, – деген-ді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.
Руханият • 16 Тамыз, 2019
Ұлттық болмысты сақтау бәрінен қымбат
Қоғамдағы болып жататын және болмай қоймайтын өзгерістер мен жаңарулар біздің санамызға, жеке өмірімізге әсер етпей қоймады. Ол сыртқы факторлардың және ішкі қажеттіліктердің әсерінен болатыны сөзсіз. Ондай жерде пікірдің әр алуандылығы тумай қоймайды. Ол жеке адамның немесе белгілі бір ұлттық ұстанымдардың таңдауынан болады. Таяуда осы мәселе төңірегінде Көкшетау қаласындағы Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің оқытушысы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, жазушы филология ғылымдарының кандидаты Ерболат БАЯТПЕН тілдескен болатынбыз.
Тарих • 16 Тамыз, 2019
Жақында Алматыдағы Орталық мемлекеттік музейінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Отырар қорғанысының 800 жылдығына орай «Қамалы бекем, халқы қайсар – Отырар» тақырыбында «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі» қорының материалдары негізінде ұйымдастырылған көрмесі ашылды.
Тарих • 16 Тамыз, 2019
ХХ ғасыр басында қазақ зиялыларының халқы үшін атқарған еңбегі ұшан-теңіз. Олардың ерен істерін әлі толық зерттеп-зерделеп үлгермей жатырмыз. Сондай тұлғаның бірі – Тұрар Рысқұлов. Бұл адамның қайраткерлік қабілеті Кеңес Одағы деңгейінен асып, Коминтерн өкілі ретінде әлемдік масштабтағы саяси істерге араласуына ықпал етті. Соның бір парасы – Азия құрлығындағы көшпенді жұрт Моңғолияның конституциясын жасап, елдің саяси-экономикалық дамуын социалистік бағытқа бұрып беруі. Істі тиянақтау үшін қайраткер аталмыш мемлекетке 1924 жылдың қазан айында барып, 1925 жылдың шілдесіне дейін 9 ай қызмет етті. Т.Рысқұловтың Моңғолияда атқарған еңбегі жайлы «Егемен Қазақстан» газетінің жылашар санында «Тұрардың Күредегі күндері» атты көлемді мақала жарияланған еді. Осы жазбада қайраткердің ол жақта атқарған жұмысы жайлы баяндалған болатын. Дейтұрғанмен Т.Рысқұлов осы сапарында көшпенді елдің саяси бағытын дұрыстап қана қоймай, іргедегі Қытай Республикасына құпия барып келгені жайлы көп айтылмай жүр. Біз осы тақырыпты қаузап көрмекпіз.
Руханият • 16 Тамыз, 2019
Әлекең – Әлисұлтан Құланбайдың өмірден өткеніне де бір жыл болып қалыпты. Жымия күліп жанымызда жүргені күні кеше ғана сияқты еді – зымыраған уақыт. Ал оның аяқ астынан болған қазасы үй-іші, жақын-туыстарымен қатар, «Егемендегі» қанаттас үлкен-кіші әріптестерінің де қабырғасын қайыстырды. Жаны жайсаң апталдай азаматтан тосыннан айырылып қалу кімге де болса ауыр тиіп еді.