Ұлттық спорт • 14 Тамыз, 2017
«Алтын жебе» румын мергенінің қанжығасында кетті
Кеше Астана қаласындағы «Қазанат» атшабарында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында жамбы атудан өткен «Алтын жебе» халықаралық турнирі аяқталды. Бабадан қалған бекзат өнерді екі күн бойы тәмам елдің алдында дәріптеген бұл шараға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Түркия президентінің ұлы, Дүниежүзілік этноспорттар конфедерациясының басшысы Несметтин Біләл Ердоған арнайы соғып, құралайды көзге атқан мергендердің өнерін тамашалады.
ЭКСПО-2017 • 14 Тамыз, 2017
«Тур ЭКСПО» бәйгесінде британдық озды
Өткен сенбі күні ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында «Astana EXPO 2017 International Criterium» деп аталған тас жолдағы кәсіпқой веложарыс өтті.
ЭКСПО-2017 • 14 Тамыз, 2017
Швейцар сағаты Астана уақытын көрсетеді (ЭКСПО жаңалықтары)
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің аумағында Швейцария Конфедерациясының ұлттық күні өтті. Мерекеде шетелдік музыкалық топтар өнер көрсетіп, жұртшылықты тамсандырды. Дәстүр бойынша делегациялар үш бөлімнен тұратын ұлттық павильон аумағын аралады. Павильонды салу кезінде заман талабына сай экологиялық технологиялар қолданылған. Мұнда келушілер өздерінің энергетикалық балансын өлшей алады.
Сонау 80-ші жылдардың басында, жасым әлі отызға да жете қоймаған кез, ауылымыздағы Ғалым есімді үлкен кісімен бірге көрші кеңшарға баратын болдық. Автомашина рөлінде жаңағы кісінің баласы. Оның да жасы менімен қатарлас, жолдас жігіт. Көлікке отырар шақта мен өз «мәртебемді» білгендіктен артқы орындыққа қарай ұмтыла берген болатынмын. Жаңағы кісінің қатқылдау шыққан үні мені кілт тоқтатты. «Алдына отыр! Сендердің болашақтарың әлі алда, шегіншектемей, ілгері қарай талпыныңдар. Біз сияқты шалдарға осы жер де жарайды», деп өзі автомобильдің артқы есігінен еніп, екінші қатардағы отырғышқа жайғасты. Өзін шалдардың қатарына қосып отырған кісінің жасы ол уақыттары әлі алпысқа да жете қоймаған болатын.
Табыс табудың, күн көрудің жолы сан қырлы. Алланың ақ жолынан таймай, адал іспен айналысатындар да, қулығына құрық бойламайтын, айла-шарғысы мол, кезі келсе қырғидай қақшып кететіндер де ауырдың астымен жүріп-ақ мал тауып, ұрты майланатындар да жоқ емес. Бай, кедей демей өзіне «керек» болса, күн мен түнді елемей, біреудің мүлкін қақшып кетіп жүргендер де, жаяу ұрылар да, қарау пенделер де аз кездеспейтін болды.