Аймақтар • 16 Тамыз, 2019
Өңір медицинасының өрісті кезеңі
Бүгінгі отандық медицинада диагностикамен емдеуді бір-бірімен ұштастыра, байланыстыра жүргізе білудің тиімділігі мол. Тек осындай жағдайда ғана денсаулық сақтау саласында оң нәтижелерге жету мүмкіндіктері өсе түспек. Әрине мұндай жетістіктер жалаң қолмен жасалмайды. Яғни, диагностикамен емдеу жүйесі кәсіби шеберлік пен заманауи инновациялық технологияларға арқа сүйеген кезде ғана нәтижелі болмақ. Бұл – шынында іргелі ізденістер мен тиісті қаржыландыру көздерін қажет ететін ауқымы мен өрісі өте кең іс.
Руханият • 16 Тамыз, 2019
«Азуын айға білеген саяси-сатиралық «Ара-Шмель» журналының жауапты хатшысымын. Байлаулы төбеттей қара телефоным шыр ете қалды. Көтердім. Таныс дауыс. Шерағаң, «Социалистік Қазақстан» газетінің бас редакторы Шерхан Мұртаза.
Руханият • 16 Тамыз, 2019
Бүгінде ара-тұра газет-журнал бетінде зиялы адам деп кімді айтамыз деген тұрғыда мәселе көтеріліп жатады. Бұл, сөз жоқ, көпшілікті ойландырып, толғандыратын көкейкесті мәселе. Ондай сауалға біржақты жауап беруге болмайды. Зиялы деген ұғымда терең мағына жатыр дер едім. Жалпы, халық ұғымында, ел ішінде ғалымдарды, көрнекті ақын-жазушыларды, жоғары лауазымды танымал тұлғаларды, шенеуніктерді де зиялы қауым өкілі деп жатады. Оқығаны, тоқығаны мол, өмірлік тәжірибесі бай ел ағасы ретінде танылғандарды да зиялы азамат санатына жатқызып жүрміз. Мен соңғы пайымдаумен келісе алмаймын. Үлкен басқосуда, салтанатты мәжілісте «Бүгін осы шаңырақ басында жақсылар мен жайсаңдар, яғни зиялы қауым өкілдері бас қосып отыр» дей келіп, бірнешеуінің аты-жөнін, лауазымын атап жатады.
Руханият • 16 Тамыз, 2019
«Әкең келе жатыр» немесе бүгінгі әкелердің отбасындағы орны қандай?
Балаларының алды мектепке барып қалған, ең кішкентайы 2-3 жас шамасындағы үш балалы жас отбасымен бірге ауданнан қалаға дейін сапарлас болдық. Көлік қозғалған сәттен балалар әкесінің алдына отыруға таласып, ең кішкентайы «жеңіске жетіп», әкесінің тізесіне қонжиды.
Әлем • 16 Тамыз, 2019
«Жібек жолы» визасы неге кешіктірілуде?
Соңғы екі жылда бауырлас екі мемлекет – Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынас жаңа деңгейге шығып, ауылы аралас, қойы қоралас ағайын арасы бұрынғыдан да жақындай түсті. Бірақ екі ел арасында былтыр қызу талқыланып, бір қарағанда тез енгізілердей болған азиялық «Silk viza», яғни «Жібек жолы» туристік визаларын өзара тану режімі тоқырап тұр. Әдепкіде аса қарқынды басталып, Қазақстан мен Өзбекстанның арасындағы келіссөздер әне-міне мәресіне жетіп, қолданысқа енгізіледі делінген жоба қандай дағдарысқа тап болды?